Лайықты үлесімізді қосуға қашанда әзірміз

Дамудың негізгі принциптері көрсетілген Елбасымыздың биылғы Жолдауы төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететініне кәміл сенеміз.

Жолдауда көрсетілген он негізгі міндет Қазақстанның алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарына кіруіне жағдай жасайтын сенімді стратегия деп білеміз. Мемлекет басшысы адами капиталды дамытуға және ұлт денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөледі. Қазіргі таңда денсаулық сақтау қымбат стационарлық емдеуге емес, аурулардың алдын алуына көп бағдарлануы тиіс екендігін Президентіміз баса айтты. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулық сақтау ісін басқаруды күшейту керек. Жастардың репродуктивті денсаулығын нығайтуға, қатерлі ісікті ерте диагностикалауға және емдеуге, ғылыми онкология орталығын құруға ерекше назар аударуымыз қажет.
Бүгінгі таңда облысымызда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын насихаттау, медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Тұрғындардың денсаулық жағдайының көрсеткіші жақсарып, туу көрсеткіші және өмір сүру ұзақтығы артты. Азаматтардың денсаулық сақтау саласына қатысты шағымдар мен өтініштер саны азайды.
Инфекциялық аурулардың алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралардың нәтижесінде өткен жылы облыс аумағында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты деңгейде сақталды.
Елбасымыздың биылғы Жолдауында жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне қатысты айтқан міндеттері де әрқайсымызды ойлантып, қоғам алдындағы жауапкершілігімізді арттыра түсуі қажет деп есептеймін. Осы орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және мемлекеттік органдардың қызметіне деген азаматтардың сенімін арттыру біздің департаменттің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
–Онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құру қажет. Халықаралық озық тәжірибе негізінде ауруды ерте диагностикалаудың және қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігі қамтамасыз етілуге тиіс. Біз кардиология, босандыру және өкпе ауруымен күресу кезінде атқарған істеріміз сияқты жұмыстарды да жүргізуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы. Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетін болады.
Өз кезегінде облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ұжымы Жолдау міндеттерін іске асыру үшін, сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау, аурулардың алдын алу, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында қолдан келген істен аянып қалмайды. Қоғамдық денсаулық сақтау ісіне өз үлесімізді қосуға қашанда әзірміз.

Азамат ДҮЙСЕНОВ,
облыстық қоғамдық
денсаулық сақтау департаментінің
басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар