Ел сенімі нығаюда

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында облыс әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық топ мүшелері облыстық мәслихат депутаты, Қазақстан Респуб-ликасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Әлібек Баймағамбетов пен облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Марал Жақыпова Жарқайың ауданының тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ақпараттық-насихаттық топ алдымен Тасөткел ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары Асылхан Әлжанов ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалы жөнінде қысқаша мәлімет берді.
Марал Жақыпова Елбасы Жолдауының басты бағыттарына тоқталып, білім деңгейін арттыру, денсаулық сақтау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, латын әліпбиіне көшу, тілдік ортаны қалыптастыру, ономастика мәселелеріне кеңінен түсінік берді. Ал, Әлібек Бекболатұлы Елбасы Жолдауында айтылған «ақылды технологияны» енгізу арқылы сананы жаңғыртудың, халықтың әл-ауқатын жақсартып, экономиканы дамытудың жолдарына тоқталды.
Кездесуден соң ақпараттық топ мүшелері Тасөткел ауылындағы әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Бұдан кейін топ мүшелері аудан орталығы Державинск қаласында болып, аудандық кітапхананың оқырмандар залында еңбек ұжымдарымен кездесті. Кездесуде ақпараттық топтың мүшелері Елбасы Жолдауындағы басым бағыттарды кеңінен түсіндіріп өтті. Жарыссөзге қатысқан аудандық ақпараттық топтың мүшесі Әлібек Дощанов Елбасы Жолдауындағы мәселелердің маңыздылығын атап көрсетті.
Кездесуді қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Асылхан Қапашұлы Елбасының Жолдауынан туындайтын мәселелер бойынша мәлімет берген түсіндіру тобының мүшелеріне аудан тұрғындары атынан алғысын білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар