Жарайсың, Альбина!

Көкшетау қаласындағы Достық үйінде облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілдері арасында «Әнім сенсің – туған жер!» атты екінші облыстық ән байқауы болып өтті.

Байқаудың басты мақсаты – өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, ән өнерін насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздегі рухани бірлікті нығайту болып табылады.
Облыстық ән байқауына жасы 16-дан асқан өзге ұлт өкілдерінен 12 үміткер қатысты. Төрелік еткен қазылар алқасы үміткерлердің өнерін бағалау кезінде қатысушылардың ән орындау шеберлігіне, қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларының сақталуына баса назар аударды. Сондай-ақ, байқауда сахна мәдениеті мен қазақтың ұлттық киіміне ерекше мән берілді. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»,–демекші, байқауда оза шапқан жас өнерпаздар мықтының мықтысын анықтайтын сәтте аянып қалмады. Са-
йыс қорытындысы бойынша бас жүлде – Гран-При жүлдесімен Көкшетау қаласының атынан қатысқан Альбина Рудт марапатталды. Ал, жүлделі бірінші орынға Сандықтау ауданынан келген Наталья Лазарева ие болса, екінші және үшінші орындардан Жақсы ауданының атынан сынға түскен Евгений Городов пен аршалылық Лариса Назаровалар көрінді.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары облыстық тілдерді дамыту басқармасының арнайы дипломдары және Алғыс хаттарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған онкүндіктің салтанатты жабылу гала-концертінде өнер көрсетті.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар