Бөлшек салық мөлшерлемесі төмендетілді

Өткен жылы Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органдарға осындай ұсыныспен жүгінген болатын. Бұл мәселе бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Өңірлік палата алаңында бірнеше рет талқыланды. Кәсіпкерлер 2023 жылы бөлшек салықты ретроспективті енгізудің оң тәжірибесін ескере отырып, мөлшерлемені төрт пайыздан екі пайызға дейін төмендетуді ұсынды.

Аудандық және қалалық деңгейдегі мәслихаттар, жергілікті атқарушы органдар, Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер және Әділет департаменттерімен тығыз ынтымақтастық арқылы бөлшек салықты төмендету осы жылдың наурыз айының соңында енгізілді.

–Арнайы салық режимін қолданыстағы 190 қызмет орнына 364 қызмет түрінің кәсіпкерлері пайдалана алады. Тауарларды сатуға бағытталған экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінен басқа, тізімге тауарларды өндіру және қайта өңдеу, электр-монтаждау жұмыстары, жөндеуге байланысты қызмет түрлері, қызмет көрсету саласы, қоғамдық тамақтану және басқалар кіреді, – деді өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

Бөлшек салықтың арнайы салық режимін белгілі бір шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолданады. Атап айтқанда,  салық кезеңіндегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны 200 адамнан күнтізбелік жылдағы табыс 600 мың айлық есептік көрсеткіштен аспаған, Үкімет белгілеген қызметтің тек бір немесе бірнеше түрін жүзеге асырып жатқан кәсіпорындар.

–Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет. Әртүрлі мөлшерлемелер және салық салынатын кірістер бойынша бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын төлеушілер бөлек салық есебін жүргізуі керек. Сондай-ақ, қосылған құн салығын төлеушілер осы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті қолдану басталғанға дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей беруі тиіс, – деп атап өтті палата директорының орынбасары Расул Сыздықов.

Жиында Сауда және қызметтер салалық кеңесінің төрағасы Сәдібек Ахмадиевтің айтуынша, бөлшек салықты төмендету кәсіпкерлікті қолдауға және жалпы шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыруға бағытталған негізгі іс-шара саналады. Осы ретте, кеңес төрағасы:

–Бұл шара бөлшек сауда саласына, әсіресе, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатумен айналысатын кәсіпкерлерге оң әсер етеді. Олар өз өнімдеріне үстеме бағаны төмендете алады. Бұл өз кезегінде халықтың барлық топтары үшін осындай тауарлардың қолжетімділігін арттыруға әкеледі. Сонымен қатар, салық мөлшерлемесінің төмендеуі кәсіпкерлерге қаржылай жүктеменің төмендеуіне әкеледі. Енді оларға өз бизнесін дамыту және кеңейту үшін көбірек қаражат қолжетімді болады. Бұл қызмет көрсету сапасын жақсарту, тауарлар ассортиментін кеңейту, сауда алаңдарын жаңғырту және бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруды қамтуы мүмкін, – деп санайды.

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар