Еңбек адамы жан-жақты қорғалады

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгертулер енгізілді. Бұл кодекс жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы еңбек қатынасы саласында мемлекеттік араласудың шекарасын нақты анықтайды. Екі жақ мүддесінің тепе-теңдігін есепке алып, олардың рөлі мен жауапкершілігін реттейді.

Жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы қатынас ұжымдық келіссөздер мен олардың арасында жасалған келісім-шарттар әлеуетін нығайтумен, көбіне өзіндік реттеу қағидатымен құрылуы тиіс. Мемлекетпен шағын еңбек стандарттары, базалық кепілдік пен еңбеккерлерге өтемақы белгіленген. Оның орындалуы жұмыс берушілер тарапынан бақыланады. Кодекстің қолданысқа енгізілуімен еңбек қатынасы дамуының жаңа кезеңі басталды. Бүгінгі таңда жұмыс берушілер мен еңбеккерлер үшін бір-біріне және қоғамға қатысты олардың құқы мен міндеттерін түсіндіру бойынша барлық деңгейде түсінік жұмысы жүргізілуде. Сондай-ақ, кәсіподақ пен ұжымдық келісім-шарт әр кәсіпорында болуы тиіс. Әрбір қабылданған еңбеккермен еңбек келісім-шартын жасау керек. Кәсіпорындар мен ұйымдарда Еңбек кодексінің негізгі жағдайын түсіндіру мақсатында облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма тұрақты жұмыс жүргізеді.
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілермен және кәсіпорын мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларымен 71 семинар мен сабақ өткізді. Жаңа Еңбек кодексі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндірілді. Оқу комбинаттарында еңбек заңнамасы саласындағы өзекті мәселелерді жұмыс берушілермен талқылау жөнінде 4 сұхбат алаңы өткізілді. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытып, білімдерін тексеретін Астана, Көкшетау, Степногорск қалаларында оқыту-кеңес беру орталықтары құрылды. Биылғы жылы 1121 басшы мен маман оқытылды. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қолданатын шаралар облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында жағдайды жақсартуға, еңбекті қорғауға, жұмысшылардың еңбек құқы бұзылуының алдын алуға және еңбекақыны уақытында төлеуге бағытталған. Прокуратура органдарымен, қала және аудан әкімдіктерімен және өзге мемлекеттік органдармен еңбек саласының жағдайына тұрақты мониторинг, сондай-ақ, анықталған еңбекақы қарызын жабу жұмысы жүргізіледі. Осы мақсатта жыл басынан бері облыстың 395 кәсіпорны мен ұйымы тексерілді. Оның ішінде 8 субъектіге бақылау жасалды. Тексеріс барысында 369 заң бұзушылық анықталды. Оның 140-ы еңбек қатынастарына, 19-ы қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға, 210-ны тұрғындарды жұмыспен қамтуға қатысты. Тексеріс нәтижесі бойынша жұмыс берушілерге орындау мерзімі көрсетіліп, 291 ескерту жасалды. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша басшылар мен жауапты тұлғаларды оқыту, сондай-ақ, кәсіпорын мен ұйымдарда жұмыс нысандарын аттестаттау жұмысы жүргізіледі. Бұл шарада қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, тәуекелдікті азайту, қайғылы оқиғалардың алдын алу, жарақаттану мен кәсіби аурулар жағдайы бағаланады. Жыл басынан бері 25 кәсіпорынның еңбек жағдайы бойынша өндірістік нысандар аттестатталды. Мемлекеттік еңбек инс-
пекциясы тарапынан қолданылған алдын алу шараларына қарамастан, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігін сақтамаудың салдарынан 33 қайғылы оқиға болып, 33 адам жапа шекті. Оның жетеуі о дүниелік болды. Барлық қайғылы оқиғалар бойынша арнайы тексеріс жүргізіліп, акті толтырылды. Шешім қабылдау үшін материалдар ішкі істер органына жіберілді. Еңбек заңнамасы талаптарын орындау, оның ішінде уақытында еңбекақы төлеу мақсатында жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардың мыңнан астам өтініші қаралды. Оның 315-жұмысшыларға еңбекақы төлемеу мәселесіне қатысты. Тексеріс барысында облыстың 37 кәсіпорны мен ұйымдарында 1908 еңбеккердің уақытында еңбекақы алмағаны анықталды. Бұл қарыз 131,8 миллион теңгені құрайды. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қолданған шаралардың нәтижесінде 1850 еңбеккердің құқы қорғалып, еңбекақысы төленді. Еңбекақы бойынша анықталған қарыздың қалдығы басқарманың бақылауында тұр.
2018 жылдың есептік кезеңінде еңбек заңнамасын бұзғаны үшін 55 лауазымды және заңды тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылып, айыппұл салынды. Еңбекақы қарызы мәселесі, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы заң бұзушылық бойынша дағдарысқа қарсы штабтың екі отырысы өткізіліп, 24 кәсіпорынның басшысы тыңдалды. Еңбекақы қарызын жабу бағытындағы жұмысты одан әрі жалғастырудамыз. Еңбеккерлерді әлеуметтік қолдау мен кепілдік берудің қолданыстағы факторлардың бірі ұжымдық келісім-шарт жасау болып табылады. «Ұжымдық келісім-шарт жаса» жалпы республикалық акциясы аясында кәсіпорындар мен ұйымдарда ұжымдық келісім-шартқа отыру жұмысы жалғасуда.
Тексеріс барысында семинарлар мен оқыту курсында ұжымдық келісім-шартқа отырудың мақсаты жөнінде түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Бұл жұмыс облыстық кәсіподақ орталығының өкілдерімен, қала мен аудан әкімдіктерімен және облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен бірге атқарылады. Мониторинг облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында 6036 ұжымдық келісім-шарт жасалғанын көрсетті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жасалған келісім-шарт облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың журналына тіркеліп, мониторингісіне ұсынылуы тиіс. Ақмола облысында әлеуметтік қарама-қайшылық пен еңбек дауларының туындау тәуекелділігі жөніндегі мониторинг мәліметіне сәйкес, әлеуметтік қарама-қайшылықтың шамалы аясы сақталуда. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіпорынның кадрлық есебі мен өндірістік ісінің ақпараттық жүйелерімен «Еңбек келісім-шарттарының бірыңғай есептеу жүйесі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін интеграциялау жұмысы басталды. Электрондық еңбек келісім-шарттарын есептеу жүйесі 2019 жылы іске қосылады. Еңбек күні – Қазақстан күнтізбесіндегі жаңа мерекелердің бірі. Бұл мерекенің негізгі мақсаты еңбек өнімділігін ынталандыру, жас-
тар арасында жұмысшы мамандығын насихаттау және жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады. Сөз соңында облыстағы еңбек ұжымдары мен еліміздің дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген адамдарды Еңбек күні мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, отбастарының амандығын және еңбектерінің жемісін тілеймін.
Берік МҰСТАФИН,
облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар