Сыбайлас жемқорлық жат құбылыс

Сыбайлас жемқорлық – бұл лауазымды тұлғаның өзіне берілген құқығы мен билік өкілеттігі арқылы өз мүмкіндігін, мәртебесін, беделі мен байланысын пайдалана отырып, жеке пайда табуы. Басқаша айтқанда лауазымды тұлғаның пара алуы, яғни, парақорлығы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Осы орайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланған. Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті бүгінгі таңда осы іс-шараны іске асыру үшін нақты жұмыстарды жүзеге асыру үстінде. Жаңа экономикалық қатынастардың туындауы нәтижесінде мемлекеттік органдардың қызметінде құқық бұзушылықтың сан алуан түрі туатыны белгілі. Ең алдымен, оның қатарына жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық тұрғысындағы құқық бұзушылық жатады. Елбасы Н.А. Назарбаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында: «Сыбайлас жемқорлық біздің өміріміздің түрлі салаларына дендеп кіруде, ел дамуының экономикалық саясаты мен стратегиясын бұрмалайды, мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік меншікті тікелей және жанама түрде ұрлыққа әкеп соғады», – деп атап өткен-ді. Сондықтан, қоғамды одан әрі демократияландыру мақсатының басты міндеттерінің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту болып табылады. Осыған байланысты, бұл мәселе Қазақстан Респуб-ликасының Президенті мақұлдаған құқықтық саясат Тұжырымдамасының басты бағыттарының бірін құрайды. Сол себепті де, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша құқықтық механизмнің тиімділігін арттыруға жіті назар аудару талап етіледі.
Осы орайда, департамент өңірдің отын-энергетикалық кешеніне күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын беру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысында құқық бұзушылық тәуекелдерін болдырмауға баса назар аударады. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары, сондай-ақ, өз теңгерімінде кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігінің пас-порттарын электрондық әдіспен Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау порталы www.elicense.kz арқылы паспорт алу мүмкіндігі берілген, яғни, әлеуетті мемлекеттік қызмет көрсетуді алушыларға үйден шықпай-ақ, электрондық түрде күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу мүмкіндігі берілген.
Мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында осынау құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тиісті шараларды уақтылы қабылдауы тиіс. Мәселен, мұндай ықпал ету шараларына сыбайлас жемқорлық қылығына қоғамда теріс көзқарас қалыптастыру, құқық бұзушылықты анықтау мақсатында құқық қолдану тәжірибесіне талдау жүргізу, мемлекеттік лауазымынан босату түріндегі жауапкершілікті белгілеу немесе заңдық тұрғыда басқадай жауаптылыққа тарту, лауазымды тұлға табысы мен мүлкі туралы және шығыстары мен міндеттемелері жөнінде біле тұра жалған мәліметтер бергені үшін жазаға тарту мәселесі, өзге де заң аясында ықпал ету шаралары жатады. Қорыта айтқанда, қоғамдағы осынау жат құбылыспен тек құқық қорғау мен мемлекеттік органдар ғана күрес жүргізіп қоймай, барша жұртшылық, ел азаматтары болып қарсы тұру қажеттігін атап өткен жөн.

Бақжанат ДІЛДАХАНҰЛЫ,
Атомдық және энергетикалық
қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар