Зерендіде жел станциясы салынады

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин қазіргі заманғы технологиямен салынатын жел станциясының құрылысы жөнінде белгілі саясаткер, «Күн қуаты» компаниясының төрағасы Болат Әбіловты қабылдап, қолдау көрсетті.

Өткен аптада күн көзі мен желден энергия өндіру бойынша аукцион болып, аталмыш компания 100 мегоВатты ұтып алған болатын. Енді бұл компанияның «Жел-электрик» еншілес компаниясы Зеренді ауданында қазіргі заманғы технологиямен жел станциясының құрылысын жүргізетін болды. Оның мұнарасының биіктігі 140 метр. Тартылған инвестицияның сомасы 100 миллион долларды құрайды. Бұл өңір үшін қомақты инвестиция. Бүгінгі таңда инвесторға облыс әкімдігі мен жергілікті атқарушы органдар белсенді көмектесуде. Сөйтіп, өңірде тағы бір қосалқы энергия көзі пайда болмақшы.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар