Ірі кәсіпорынның жұмысы ширақ

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесе отырып, отандық өнеркәсіпті танымал етуге және қазақстандық тауарлардың имиджін нығайтуға бағытталған «Отандық өнім» медиа жобасын қолға алған болатын.

Ағымдағы жылдың соңына дейін баспасөз турына қатысушылардың Алматы және Шымкент қалалары мен Түркістан, Павлодар, Қарағанды және Ақмола облыстарындағы кәсіпорындарға баруы жоспарланған. «Отандық өнім» жобасының мақсаты – Қазақстандағы өнеркәсіп орындардың оң тәжірибесін көрсету, отандық тауарлар мен қызметтердің имиджін жақсарту, ел ішіндегі құнды идеяларды ілгерілету және республика бойынша бизнесті танымал ету. Осы жоба аясында бірқатар БАҚ өкілдері Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Ж.Айдрахмановпен бірге Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласында орналасқан «Макинск жылу оқшаулағыш зауыты» ЖШС-ына баспасөз турына барып келді. Мұнда зауыттың бас директоры Жасұлан Мұхаметжан, қызметкерлері Денис Ахметов және Манат Мұратбековпен бірге өндіріс ошағының жұмыс жағдайымен таныстырды.

Базальт жыныстары негізіндегі жылу оқшаулағыш материалдарын шығаратын Қазақстандағы ең ірі кәсіпорын «МЖОЗ» ЖШС 2019 жылы іске қосылды. Инвесторы «Бәйтерек венчурлық қоры» АҚ. Жобаның құны 8 миллиард теңге болса, жылдық өндірістік қуаты, сапасы жағынан импорттық үлгілерден кем түспей, 34 мың тоннаға дейін жоғарылаған. Өндірісте тауардың осы түрін өндірушілер арасында әлемдік көшбасшылардыңбірі болып табылатын «Gamma Meccanica» фирмасының итальяндық технология желісі пайдаланады. Бұлшығарылатын өнімнің жоғары сапасы мен автоматтандырудың жоғары дәрежесін және сәйкесінше өндірістегі адам факторының әсерін азайтуды қамтамасыз етеді. Базальт негізіндегі жылу оқшаулағыш ылғалға және өртке төзімділік, орнату қарапайымдылығымен ерекшеленетін жоғары пайдалану сипаттамаларынан тұрады. Жылу оқшаулағыш құралы зауытта шетелдік технологиялардың көмегімен химиялық реакциялар мен майлы қоспалар арқылы жасалады. Бұлар өнімнің сапалы болуы үшін қолданылады. Өнімді сату нарығы Қазақстан ғана емес,Қырғызстан, Өзбекстан елдерінде қамтиды. Серіктестік қарауындағы жұмысшылар саны 151 адам. Жұмысшыларға серіктестіктен жұмыс киімі мен түскі ас беріледі. Орташа еңбекақы 277,7 мың теңгені құрайды. Өндірісте қысы-жазы тоқтаусыз жұмыс жүргізуге жағдай жасалған. Жұмыс өнімділігі 2022 жылы 20,0 мың тонна,  осы жылы қыркүйек айындағы нәтижеде 13,3 мың тонна болған. Жауапты мамандардың техникалық-экономикалық көрсеткіштері туралы мәліметіне сүйенсек, 2023 жылға инвестиция көлемі 10 миллиард теңге, экспорт үлесі 80 пайызды құраса, салық сомасы 1,2 миллиард теңгеге жоспарланған. Ал, 2024 жылға инвестиция көлемі 3 миллиард теңге, экспорт үлесі 70 пайызға белгіленсе, жұмысшылар санын 220 адамға, орташа жалақыны 350 мың теңгеге жеткізу, салық мөлшерін 4,2 миллиард теңгеге көтеру жоспарланған.

Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 2023 жылғы 8 айдағы өнеркәсіп салаларының даму қорытынды ақпаратына тоқтала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында облыс кәсіпорындары 1122,7 миллиард теңгенің тауарлық өнімін өндірген. Өнеркәсіп өндірісінің өсуін сипаттайтын көрсеткіш – нақты көлем индексі 116,0 пайызды құраған. Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында тау-кен өнеркәсібінің үлесі 12,0 пайыз, өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 78,8 пайыз, электрмен жабдықтау және газбен жабдықтау, бу беру және ауаны баптау – 8,6 пайыз, сумен жабдықтау – 0,6 пайызды көрсеткен. Сондай-ақ, тен өру, алтын кендерімен концентраттары өндірісінің көлемінің артуына байланысты, өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 113,8 пайызды, өндірілген өнім көлемі 884,8 миллиард теңгені құраған. Осы сияқты, азық-түлік, ет және ішкі өнімдер, өсімдік майы, сары май өнімдерінде де өсу байқалып отыр.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар