Мемлекеттік тілдің өрісі кеңеюде

Ақмола облыстық өрт сөндіру қызметінде Қазақстан халқы тілдерін насихаттау мақсатында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауы өткізілді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі бұл байқауды мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, қызметкерлер арасында мемлекеттік тілді білу деңгейін көтеру және оны оқып-үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру мақсатында өткізді. Іс-шарада кадр жұмысы бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Жарқын Шаяхимов құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік тілдің маңыздылығы жөнінде айтып өтті. Сайысқа облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Алғашында қызметкерлер өзін-өзі таныстырып, экранға шығарылған мәтінге аударма жасады. Бұдан соң төтенше жағдайлар саласына қатысты терминдерді аударды. Қазақ халқының тұрмысы мен салт-дәстүріне байланысты мақал-мәтелдерді жатқа айтты. Байқау қорытындысында бірінші орынды Көкшетау қалалық №2 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі, азаматтық қорғаудың кіші сержанты Думан Әшірбай жеңіп алды. Сондай-ақ, екінші, үшінші орынды заң кеңесшісі Камила Рақымова мен Көкшетау қаласындағы 26 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Владислав Хотнянский өзара бөлісті. Жүлдегерлерді тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі мұғалімі Динар Жанделдинова құттықтап, қазақ тілінің өрісі кеңейе беруін тіледі. Қатысушылар шара соңында естелік суретке түсті.
Гүлмира ҚАРШАЛОВА,
Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегі өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар