Жан-жақты дайын

Красивый селолық округі ауданымыз бойынша ең ірі округтердің бірінен саналады. Мұнда он алты ұлт өкілдері тұрып жатыр.

Бүгінде ауыл алдағы жексенбі күні өтетін Президент сайлауына жан-жақты дайындық үстінде. Округ бойынша төрт сайлау учаскесі орналасқан. Соның бірі – №436-шы Красивое сайлау учаскесі. Бұрынғы сайлау науқанындай емес, қазір селодағы барлық сайлау учаскелері керек заттармен толық жабдықталған. Жергілікті әкімдіктер де сайлаушылардың толық тізімін тапсырды. Сол арқылы кез-келген сайлаушы тізімде өзі жайлы ақпарат бар-жоғын алдын ала тексере алады. Көшпелі сайлау жәшігі  комиссия мүшелерінің қатысуымен құлыпталып, учаскенің мөр таңбасымен бекітіліп дайын тұр. Жергілікті тұрғындардың сайлауға деген көзқарастары оң. Алғаш рет дауыс берушілерге әкімшіліктің қолдауымен сый-сияпат қарастырылған. Мұның барлығы да алдағы науқанның әділ, әрі жоғары деңгейде өтуіне үлкен септігін тигізеді деп ойлаймыз.

Амангелді ЕСТАЙ.
Красивый селосы,
Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар