Жан жадыратқан жарыс

Өткен сенбі күні «Бурабай» спорт сарайында Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне  соғыс және еңбек ардагерлерінің арасында шахмат пен дойбыдан өткен облыстық чемпионаттың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.

  Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің ұйымдастыруымен өткен сайысқа 44 ойыншы қатысты. Чемпионат соңында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Чапай Әбутәліпов са-йысты қорытындылап,  қатысушыларға  ризашылығын білдірді.  
Сайыс қорытындысы бойынша дойбыдан ерлер арасында Болислав Макаускас бірінші орын алса, Сайлау Көшкенов пен Владимир Тонких екінші және үшінші орындарды бөлісті.
Әйелдер арасында Галина Гулина бірінші, Валентина Шакирова екінші, Татьяна Хмель үшінші орын алды. Ал, шахматтан Владимир Балыко мен Еркін Солтан екінші және үшінші орындардан көрінсе, Тельман Мұқышев жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Сондай-ақ, Ақкөл ауданынан келген Александр Кулешов, жарқайыңдық Рахмет Шұңғылов, бұландылық Шұғай Сүлейменов пен Зерендіден келген Хуан Тайшабар ынталандыру сыйлықтарына ие болды.   

«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Суреттерде: жарыстан көрініс; облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Чапай Әбутәліповтің шахматтан бас жүлдегер Тельман Мұқышевты марапаттау сәті.
Суреттерді түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар