Білім мен жемқорлық – өзара сәйкеспейтін ұғымдар

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде білім саласының қызметкерлері үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментінің басшысы Қ.Бекбасовтың және Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Б.Беспалиновтың қатысуымен семинар-жиналыс өтті.

Өз сөзінде Қ.Бекбасов еліміздегі мемлекеттік басқару салаларының ішінде білім беру жүйесін дамытуға басым рөл беріліп отырғанын атап өтті. Биылғы жылы облысымызда аталған саланың қажеттіліктеріне шамамен 70 миллиард теңге бөлінген.
–Біздің тарапымыздан бұл қаражаттың жұмсалуына жүйелі түрде тексеріс жүргізіліп, бақылау жасалатын болады. Мемлекет бөлінген қаржының мақсатсыз пайдаланылуына немесе талан-таражға салынуына тосқауыл қояды. Сол себепті мен барлық жиналысқа қатысушыларды адал болуға, сонымен қатар, жемқорлыққа мүлдем төзбеуге шақырамын, – деді өз сөзінде Қ.Бекбасов.
Б.Беспалиновтың айтуынша, «қоғам мен мемлекеттің интеллектуалды, адамгершілік және ресурстық әлеуеті ең алдымен балабақшада, кейін мектепте қалыптасады. Дәл осы жерде біздің сіздермен бірлесіп атқаратын жұмысымыз түйіседі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім – біздің жұмысымыздың маңызды бағыты, себебі, біз өскелең ұрпақпен жұмыс істейміз. Балалық шақтан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жемқорлық сияқты ортақ кеселді жоюға ықпал етеді».
Өз кезегінде департамент білім басқармасымен, жоғары оқу орындарымен және білім беру мекемелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс атқаруда.
Осы мақсатта, облыстағы жоғары оқу орындарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні енгізілді. Мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасының шеңберінде «Адал ұрпақ» клубтары жұмыс істейді.
Жиналыс барысында Қамқоршылық кеңестерінің қызметін ұйымдастыру тұрғысында заңнаманың талаптары да түсіндірілді.
–Білім саласындағы уәкілетті орган бұдан былай міндетті қаржылық есепті жария ету тәртібін енгізіп, бөлінген қаржыны мақсатсыз пайдалануға және жемқорлық әрекеттеріне баруға шек қоятын болады. Облысымыздағы мектептер мен білім бөлімдерінің сайттарында арнайы қосымша парақтар ашылған, сөйтіп, мекеменің бюджеті туралы толық және қолжетімді ақпарат орналастырылған.
Біз жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесінде тікелей және ашық диалогқа, еліміздің адамгершілігі мол азаматын тәрбиелеуде белсенді ынтымақтастыққа қол жеткізуіміз керек,– деп атап өтті одан әрі Берген Беспалинов.
Белгілі ғалым-педагог А.Луначарскийдің: «Педагог – жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді, кінәраттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам» деген сөзімен аяқталған іс-шараға шамамен 150-ден астам адам қатысты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар