Бірлескен жұмыс табысқа жеткізеді

Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында «Мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысына қол жеткізудің негізгі принциптері – ашықтық,

қолжетімділік, сапа» атты барлық деңгейдегі әкімдердің облыстық семинар-кеңесі болып өтті. Семинар-кеңесте Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев сөз сөйлеп, биылғы жылдың бірінші тоқсанында облыста атқарылған бірқатар жұмыстарға және кезектен тыс өткізілетін Президент сайлауына қысқаша тоқталып өтті.

Өңірімізде Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 128 миллиард теңге болатын 11 жобаны жүзеге асыру көзделген. Осы жылы төрт жобаның жұмысы толығымен аяқталатын болады. Нәтижесінде 400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Оған қоса, жалпы сомасы 70 миллиард теңгеге жуықтайтын 119 жоба қолға алынған. Шағын және орта кәсіптің негізгі секторындағы халықты жұмыспен қамту мен қолдау шараларына 6 миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылып отыр. 2019 жыл басталғалы 145 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бо-
йынша 500 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа енгізілмек. Өңір басшысы өз сөзінде:
–Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары 100 нақты қадам», бес институционалдық реформасының маңызды бағыттарының бірі – экономиканың дамуының сапалы жаңа деңгейге жетуін қамтамасыз ететін мемлекеттік басқарудың қазіргі заманғы жүйесін құру мен Елбасының алдымызға қойған міндеттерді орындау үшін барлық деңгейдегі әкімдердің, жергілікті атқарушы органдардың, мәслихаттар мен жергілікті полиция қызметі, шаруашылық субъектілерімен бірлескен үйлесімді жұмыс талап етіледі. Осы бірлескен жұмыстың нәтижесінде ғана ортақ ісіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуін қамтамасыз етуге қомақты үлес қосатын боламыз, – деді.
Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының онжылдық бағдарламасында жүзеге асырылуға тиісті «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі» атты жобалардың барысына тоқталған партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтің сөзінше, Елбасы тапсырмасына сәйкес Үкімет тарапынан ұлттық қордан және республикалық бюджет есебінен жергілікті маңызы бар жолдарды күрделі жөндеуден өткізуге 350 миллиард теңге, энергияны жабдықтауға 190 миллиард және ауыз сумен қамту шараларына 140 миллиард теңге қосымша қаражат бөлу қарастырылуда. Келесі кезекте осы трансферттерді аумақтарға бөлу шаралары жүргізілетін болады.
Семинар-кеңес барысында төртінші деңгейдегі бюджетті іске асыруда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, өздігінен жұмыспен қамтылғандардың қызметін рәсімдеу мәселелері жан-жақты талқыланды.
Одан әрі «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы» Ақмола облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Николай Политкин кезектен тыс Президент сайлауын өткізу шараларының негізгі тәртібімен таныстырды.
2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына дайындық және оны өткізу туралы кестелік жұмыс жоспарының негізгі іс-шаралары басталып та кетті. Саяси партиялардың съездерін өткізу туралы ақпаратқа тоқталар болсақ, 2019 жылғы 23 сәуірінде «Nur Otan» партиясының, 24-ші сәуірінде «Ақ Жол» партиясының, ал, 26 сәуірінде Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының съездері өтетін болады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 66-1-бабы бойынша сайлау іс-шараларының күндерін Орталық сайлау комиссиясы анықтайды. Сайлау науқанының кезеңдік ұзақтығы 10 сәуірден 28 сәуірге дейін 19 күн, 10 сәуірден 11 мамырға дейін 32 күнде кандидаттың Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін белгілеу және қолдарды жинау мен тексеруді жетілдіру. 11 мамырдан 7 маусымға дейін 28 күн сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі, 9 маусым дауыс беру күні. 10-11 маусымда алдын ала нәтижелері қорытындыланады. 10-нан 16 маусымға дейін 7 күн ішінде дауыс беру қорытындысы шығарылып, сайланған Президентті тіркейді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен қойылатын талаптар «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 56-бабының 2-тармағына сәйкес Президенттiкке кандидатты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының кем дегенде үштен екiсiнiң атынан теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде бiр пайызы қолдауға тиiс. Сондай-ақ, мүгедектердің дауыс беру құқығын қамтамасыз ету мақсатында алғаш рет «Сайлау туралы» Заңның үш бабына өзгерістер енгізілді. Орталық сайлау комиссиясының сайлау учаскесін, сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған жабдықты жарақтандыру жөніндегі нұсқаулығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы Ақмола облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Николай Политкин толық ақпарат берді.
Одан әрі тұрмысы төмен отбасыларға арналған жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек мәселесі туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова, «Ақмола – адалдық алаңы» жобасын іске асыру туралы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов хабарлама жасады.
Семинар-кеңестің жұмысын модераторлар, облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов және облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Ба-
уыржан Ғайса қорытындылады.

Асылай Қадырқызы.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар