Ұлы Жеңіс жауынгері

Пантелей Толстопят

Пантелей Леонтьевич Толстопят 1926 жылы 9 тамызда бұрынғы Щучье ауданына қарасты Райгородок ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген.

1943 жылы небары 17 жасқа толғанда әскер қатарына шақырылған екен. Сөйтіп, бір жыл өткесін өз еркімен майданға аттанған. 720-шы атқыштар полкінің құрамында жау-мен шайқасады. Сондай-ақ, 204 атқыштар дивизиясының құрамында үшінші Беларусь майданында болған. 1944 жылы ұрыс кезінде ауыр жараланып, ұзақ уақыт емделгеннен кейін әскерден босатылады. Үйге оралғаннан кейін бақташы болып жұмыс істеді, орақ науқаны кезінде комбайншы болды. «Тылдағы ерен еңбегі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен марапатталған. Соғыс және еңбек ардагері. Бүгінгі таңда қария немере-шөберелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар