Мұқтаж жандарға 13 пәтер сатып әпермекші

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев аймақтағы бірқатар ірі кәсіпорындардың басшыларымен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету саласындағы облыстық әкімдік арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға отырды.

Екі жақты құжатқа қол қоюдың салтанатты рәсімінде облыс әкімі Ермек Маржықпаев Ақмола облысында отбасы институтын, атап айтқанда, «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жалпыұлттық жобасын іске асыруды жүйелі түрде қолдауға ерекше көңіл бөлінетіндігін атап көрсетті.
Бүгінгі күнге дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандарға, тұрғын үй жинақ қорына қатысушыларына, көп балалы отбасылар мен басқа да әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға 20 жалдамалы және 12 несиелік үйлердің құрылысы жүргізілуде. Қайырымдылық қорлары мен бизнес өкілдері де бұл істен сырт қалмауда. Қазіргі уақытта облыс кәсіпкерлері 40 тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға тұрғын үй алып беруге көмек қолын созуға дайын.
Меморандумдарға сәйкес Көкшетау қаласындағы «Гормолзавод» ЖШС, Жақсы ауданындағы «Агрофирма TNК», Аршалы ауданындағы «Aizet Farms» және Атбасар ауданындағы «Нұр-777» фирмалары биыл баспанаға мұқтаж 13 отбасына тұрғын үй сатып әперуді көздеп отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар