Әлеуметтік маңызды құрылыстар партия бақылауында!

Көкшетауда студенттер үшін жатақхана тапшы. Қыркүйек басталысымен студенттер пәтер іздеп сандалады.Тек біздің қалада емес, жалпы республика көлемінде сол. Бұл мәселені шешу үшін Президент арнайы тапсырма бергені де белгілі. Қазіргі күні партияның сайлауалды бағдарламасы аясында Көкшетауда колледжердің 3 бірдей жатақханасы салынып жатыр.

Өткен жылдың соңында бір жатақхана пайдалануға берілді. Көкшетау қаласындағы Жоғарғы техникалық колледждің жатақхана ғимараты өткен жылы берілуі тиіс еді. Партияның сайлауалды бағдарламасына еніп, 2022- де құрылысы басталған Көкшетау жоғарғы техникалық колледжінің 360 орындық студенттер үйінің құрылысы жарты жылға кешігіп,  енді аяқталуға жақын. Кестеден кешіккені болмаса жұмыс қарқыны күшті. 95- пайыз жұмыс аяқталып қалған.

Бүгінгі таңда жиһаз және техниканы орнату жұмыстары жүргізілуде. Объектіні пайдалануға беру ағымдағы жылдың 2 тоқсанына жоспарланған. «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филалының Партиялық бақылау комиссиясы айына бір рет құрылыс барысымен танысып тұрады. Бұдан бөлек аталмыш колледждің тағы бір жатақхана құрылысы жүріп жатыр.

Сөйтіп, қоғамға ең қажетті мамандарды даярлап шығатын оқу орны биыл екі жаңа жатақханамен қамтылады.

Партияның облыстық филалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері  ішін аралап жүріп әр бөлме жеке пәтер сияқты екен деп қуанды, жиһаздан бөлек кір жуатын автомат машинасына дейін қойылған.  Бөлмелері, дәлізі кең, жарық.

Осы ғимараттың құрылысы басталғаннан басы- қасында жүрген  Көкшетау жоғарғы техникалық колледжінің ұстазы Бауыржан Қайыркенұлы Ибраев нағыз жанашыр адам, партиялық бақылау комиссиясының ең жауапты мүшесі деуге болатын шығар. Күнара келіп, не істеді екен деп қарап кетеді.

Жалпы, өңірдегі барлық әлеуметтік маңызды құрылыс нысандары партия бақылауында! Әр құрылыс басына партиялық бақылау тақтайшалары орнатылып, байланыс телефондарына дейін көрсетілген.

«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филалы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар