Ақмолалық педагогтар жүлделі орындардан көрінді

Алматы қаласындағы «Алтын Қарғалы» шипажайының базасында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі болып өтті.

Іс-шара жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасауға, жас мұғалімдердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Оған облыстық кезеңнің жеңімпаздары, сегіз жас белсенді педагог қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломдармен Бурабай ауданының орталығы Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Орынбек Әлімжанов және Бурабай ауданы Қатаркөл ауылының Ә.Досов атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологыМадина Айкенова марапатталса, ІІІ дәрежелі диплом Астрахан ауданының орталығы Астрахан ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Шамиль Зайкеновке табыс етілді. Ал, Атбасар қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Қуандық Ыдырысов,Көкшетау қаласындағы Абай атындағы қазақ тілінде оқытылатын дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының химия пәні мұғалімі Айдана Сағатай және Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Гүлден Дәуренбекова ерекше жетістіктері үшін мақтау қағаздарыменмарапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар