Жастар сенбілік өткізді

«Ұрпақтар сабақтастығы» республикалық акциясы аясында «Nur Otan» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының белсенділері Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлес жауынгерлердің ескерткіштерінің маңын тазалап, сенбілік өткізді.
Айта кетейік, бұл республикалық акцияның негізгі мақсаты Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне орнатылған ескерткіш тақталарды, обелисктерді жаңарту, күл-қоқыстан тазарту болып табылады. «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалымен қатар, акцияға қалалар мен аудандардағы жастар да белсене қатысты. Олар ескерткіштерді әкпен ағартып, жазуларды жаңартты, маңайына ағаш түптерін отырғызды. Белсенді жастардың қатарында жоғары оқу орындарының студенттері, арнаулы орта білім беретін мекемелердің және мектептердің оқушылары да бар. Мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда облыста екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жерлес жауынгерлерге арналған 254 ескерткіш және Даңқ обелисктері бар.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар