Әркімнің дауыс беруі маңызды екені айтылды

Ақмола облыстық «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында облыстық қоғамдық штабтың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенімді өкілдері Ауған соғысы ардагерлері ұйымының өкілдерімен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты – «Нұр Отан» партиясының атынан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды үгіт-насихат науқанын өткізу.
Кездесуде Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы директорының орынбасары Нұрбек Қайыржанов:
– «Нұр Отан» партиясының ХІХ съезінде Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Назарбаев кезектен тыс Президент сайлауына Қ.К.Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған болатын. Осыған орай, мен кандидаттың сенімді өкілі ретінде оның Елбасының бағдарламаларын табысты жалғастырып, барша қазақстандықтардың тең құқықтарын қамтамасыз ететін
саясатты ұстанатынына сенім білдіремін, – деді ол.
Одан әрі «Нұр Отан» партиясының белсендісі, Көкшетау қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Петр Губчук кандидаттың өмір жолы туралы деректерге тереңірек тоқталса, көпбейінді Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Жаров сенімді өкілі ретінде кездесуге қатысушыларды биылғы жылдың 9 маусымында өтетін Президент сайлауында Қ.К.Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.
Кездесуге қатысқан Ауған соғысындағы интернационалист-жауынгерлер мен Чернобыль апатына қатысушылар өздерін мазалаған ұсыныс-тілектерін ортаға салып, пікір алмасты.
Осыған орай, Ақмола облыстық «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Жанатай Құсайынов сөз алып, чернобыльдіқ және Ауған соғысы ардагерлерінің ұсыныс-пікірлері орынды екенін әркім алдағы Президент сайлауына қатысып, қалауынша дауыс беруге құқығы барын жеткізді.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар