Соғыс ешқашан ұмытылмайды!

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай жолға шыққан республикалық автожарысқа қатысушылар Бұланды ауданында болды.


Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, автожарысқа қатысушылар Макинск қаласындағы ескерткіш скверде ауған соғысында шейіт болған интернационалист – жауынгерлердің аруағына тағызым етіп, бір минут үнсіздік жариялады және гүл дестелерін қойды.
Сол жылдары Бұланды ауданынан 50 бозбала кеңес әскері қатарына алынған екен. Оның төртеуі Ауғанстан демократиялық республикасы аумағында әскери міндетін орындау кезінде көз жұмыпты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар