Сайлаушылар арасында болып келді

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Әлібек Баймағамбетов жұмыс сапарымен Шортанды ауданында болды. Депутат сайлаушылармен кездесулер өткізді, аудан кәсіпкерлерімен әңгімелесіп, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттарымен пікір алмасты. Олардың сайлау учаскелеріндегі проблемалық мәселелерді қарастырды.

Сапар барысында Научный кентіндегі «Меруерт» қонақ үй кешенінде, Шортанды аудандық ауруханасында, «Қайнар» балалар мен жасөспірімдер кешенінің жүзу бассейнінде болды. Шортанды кентіндегі 36 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Мұнда пәтерлердің денін көп балалы отбасыларға бөлу көзделіп отыр.
Одан әрі Әлібек Бекболатұлы «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Бұл туралы аудандық мәслихаттың интернет ресурсы арқылы аудан тұрғындарына күні бұрын хабарланған болатын. Осының нәтижесінде хатшының бұрынғы аманаттары Шортанды ауданы тұрғындарының проблемаларымен толықты.
Ал, проблемалар болса баршылық. Бұл – Жолымбет кентіндегі тазарту қондырғыларын жаңартуға деген шұғыл қажеттілік. Бұл мәселенің 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджетке енгізілуі үшін депутаттардың қолдауы қажет. Сонымен бірге, жолдарды жөндеу, әлеуметтік нысандар құрылысы да кезек күтіп тұр. Бозайғыр – Елорданың іргесіндегі ауыл. Инфрақұрылымы дамып, таяу арада жеке тұрғын үй құрылысы үшін учаскелер беріле бастайды. Елді мекеннің халқы жыл сайын өсе түсуде, демографиялық ахуал жақсы болғанымен, балабақшалар мүлдем жетіспейді. Жергілікті билікте 140 орындық бала бақшаның құрылысын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама да бар. Алайда, құрылысқа қаржы керек. Бұл
ауылда келесі проблема №5 агротехникалық колледжінің оқушылармен жасақталуы. Оқу орнының әкімшілігі бұл мәселені облыстық деңгейде көтеруді сұрайды.
Сондай-ақ, жас мамандарға баспана сатып алуға бюджеттен несиелер беру, тифло-сурдотехникалық құралдар, мүгедектер арбасы, тағы басқаларын алу үдерісін оңтайландыру жөнінде республикалық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар айтылды. Жеке кездесулеріне қоса, Ә.Б.Баймағамбетовке электрондық пошта және телефон арқылы да сұрақтар келіп түсуде.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар