Дұрыс атқарылмаған жұмыс, желге ұшқан қаржы…

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов жұмыс сапары аясында Егіндікөл және Қорғалжын аудандарының аумағында ұзындығы 320,46 шақырым магистральдық суағарды қайта жаңарту жұмыстарының барысымен танысты.

Кездесуге жобаның авторлары, мердігерлік және қосалқы мердігерлік компаниялардың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, аудандық және облыстық мәслихаттардың депутаттары қатысты.

«Казгипроводхозинституты» ЖШС осы магистральдық су құбырын реконструкциялау бойынша жоба әзірлеген болатын. 2024 жылғы қаңтарда мемлекеттік сараптама жобаны мақұлдайды. Жұмыс 3 кезеңде жоспарланған.

Өткен жылы Егіндікөл ауданында су жағдайына байланысты төтенше жағдай жарияланғанболатын, оның шеңберінде ӘBERTYS CONSTRUCTION»  ЖШС 2023 жылдың қыркүйегінде Нұра топтық су құбырының бас құрылысынан Егіндікөл ауданына дейін 70 шақырым су құбырын жөндеуді бастады. Мердігер ұйым 65 шақырымұра қазып, поливинилхлоридтен (ПВХ) 40 шақырым құбыр тартты. Бірақ, жұмыс толығымен аяқталмады, ұралар жабылмаған және құбырлар толық бекітілмеген, көктемде топырақ жартылай опырылып, құбырлар еріген қар суының бетіне көтеріліп кеткен.

Бұрын қазылған ұралар бойынша жұмысты жалғастыру мүмкіндігінің болмауына байланысты ағымдағы жылдың сәуір айында аталғансеріктестік Қорғалжын ауданы Жантеке ауылының маңында Егіндікөл ауданына қарай ұзындығы 5 шақырым параллельді қазба жұмыстарын қайта бастады. Осы компания өкілдерінің айтуынша, бұл бағытта жұмыстарды толық қалпына келтіруге болады. Пайдалануға берудің болжамды мерзімі – бері алғанда ағымдағы жылдың аяғы немесе 2025 жылдың басы. Қосымша «Мелиоратор» ЖШС Қорғалжын ауданы бағытында қазу жұмыстарын бастаған, қазіргі уақытта 2 шақырым жер қазылды.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, Қорғалжын ауданының тұрғындары пластификацияланбаған поливинилхлоридтен (ПВХ) жасалған құбырларды сумен жабдықтауға арналған полиэтилендік құбырға  ауыстыруды талап етіп отыр.

Мәслихат төрағасы Б.Жүсіпов жергілікті қоғамдастыққа, мердігер компания өкілдеріне және жоба авторы – «Казгипроводхозинституты» ЖШС-іне  осы мәселені қысқа мерзімде қарауды ұсынды.

Қарлыға МҰХАТАЕВА,
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар