Пар алқаптарын мал азығын өндіруге пайдалану мүмкіндіктері

Кейінгі жылдары өңірдегіегіс көлемі алқаптарынының құрылымынәртараптандыру мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Бұл орайда, өсімдік шаруашылығымен қатар, мал шаруашылығын қамтамасыз ететін мал азықтық дақылдар да әртараптандыруды қажет етеді.

Себебі,тұтыну нарығында мал өнімдеріне сұраныс артуда және оларды далалық мал азығындық ауыспалы егісте жемшөп өндірісімен қамтасыз ету міндеті тұр.

Біздің облыстың егістік көлемі алқаптарының құрылымында астықты-парлы ауыспалы егістер қолданылады, оның 10-30 пайызы таза сүрі жерлерге қалдырылады. Бұл жерлерді дайындау үшін 21 ай уақыт және біршама қаржылай шығын кетеді. Егер шаруашылықтар мен фермерлертұқым шаруашылығы өндірісімен айналысса, онда пар танабын әлбетте, пайдалану қажет. Уақыт өңірдегі ауыспалы егіс жүйесінде әр түрлі парлардың түрлерін өндіріс жағдайында пайдалану аса маңызды екенін және ғылыми мекемелердің деректері мен тәжірибелерінің нәтижелері тиімді екенін көрсетті. Атап айтқанда, екпе және жасыл парөңделген егістік танаптарында ерекше маңызды рөл атқаратыны белгілі болды.

Өңірдегі тауар өндірушілердің мақсаттары мен міндеттеріне байланысты вегетация кезінде таза пар танабын мал азығындық дақылдарға алмастырудың екі түрін (нұсқаларын) пайдалануға болады

Екпе пардың 1-ші нұсқасы – жаз айларының бірінші жартысында таза пар танабының орнына бір жылдық астықты-бұршақты шөптерді жасыл балаусаға себуге және әр түрлі астықты-шөпті ауыспалы егістерден мал шаруашылығы саласы үшін әр түрлі жемшөп өнімдерін алумен қатар, жемшөп қорын көбейтуге болады.

Екпе пардың 2-ші нұсқасы– жаз айларының екінші жартысында да таза пар танабының орнына бір жылдық астықты-бұршақты шөптерді жасыл балаусаға себуге және әр түрлі астықты-шөпті ауыспалы егістерден мал шаруашылығы саласы үшін әр түрлі жемшөп өнімдерін алуға болады. Осылай екпе парды қолайлы пайдалану арқылы өндіріс жағдайында мал шаруашылығын пішен, пішендеме, көк азық, сүрлем және витамині мол шөп пен пішен ұндарын дайындап, қамтамасыз етуге болады (сурет -2).

Сурет-2 Астықты-шөпті ауыспалы егісте асбұршақ-сұлы қоспасын пішенге өсіру

Сидералды (жасыл) пар. Сидералды пар екпе пардың бір түрі болып табылады. Тек бір ерекшелігі,сидералдыдақылдаржасылтыңайтқышмақсатынаөсіріліп,кейінненөсімдіктіңжасылмассасысоқаменжыртылыптопырақтыңастыңғы қабатына енгізіледі. Әсіресе, Ақмола облысының кейбір аудандарында қарашіріндінің мөлшері төмен болып келетін топырақтарда және егістік алқаптарының құрылымында сидералды дақылдарды жасыл тыңайтқышқа өсіру топырақ қабатындағы қоректік заттар құрамы мөлшерін азотты тыңайтқыштарды енгізбей-ақ қажетті деңгейде толықтырады және келесі жылы өсірілген дақылдан (жаздық бидай) таза табиғи экологиялық өсімдік өнімі алынады және қарашірінді құрамын біртіндеп қалпына келтіреді. Өңірдегі қарашіріндісі өте төмен топырақ түрлері үшін келесі сидералды дақылдарды өсіріп және жасыл тыңайтқышқа жыртып пайдалануға болады. Жасыл тыңайтқыш ретінде көбінесе, бір жылдық және көпжылдық бұршақ тұқымдастары арасынан асбұршақ, асбұршақ-сұлы қоспасын, түйежоңышқа, жоңышқа, майлы дақылдардан жаздық рапс, қыша өсімдіктерін өсіріп пайдалану мүмкіндігі бар. Бір айта кететін жағдай, сидералды пардан кейін топырақта азот қорының мөлшері молаяды, қосымша азот тыңайтқышын енгізуді қажет етпейді және танаптардың құрылымы жақсарады. Сондықтан да, ауыспалы егіс жүйесінде сидералды пардың әсері өзінен кейін өсірілетін дақылдар үшін өте жақсы алғы дақылдар болып табылады. Өндіріс жағдайында сидералды парларды таза пардың орнына жаз айларының бірінші және екінші кезеңдерінде пайдалануға болады (сурет-3).

Сурет-3 Сидералды ауыспалы егісте қышаны жасыл тыңайтқышқа өсіру

Ауыспалы егіс алқаптарының құрылымында осы аталған әр түрлі пар танаптары өз міндеттерін атқаруы тиіс және нарық жағдайында тауар өндірушілерге қаржылай таза табыс әкелуі қажет. Өкінішке қарай, осы аталған парлар өндіріс жағдайында өте аз (таза пар ғана) қолданылады және ұмытылған. Тәуелсіздік алғаннан кейін жаңадан пайда болған жер иеленушілердің (шаруа қожалықтары, фермерлер, үлкен астық компаниялары) біреуі білсе, біреуі білмеуі мүмкін. Сондықтан, осы аталған парлардың түріне ғылыми тұрғыдан ғана қарап қоймай, тауар өндірушілер өндіріс жағдайында алғы дақылдар ретінде дұрыс пайдалануға және осы танаптарда мал шаруашылығы өнімін өндіру үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіріп және мал азығының алуан түрлерімен қамтамсыз етуге тиіс.

Сонымен қорыта келе, егістік көлемі алқаптарынының құрылымындағы бос жерлер жай жатпай, тиімді пайдаланылады жәнеауыспалы егісті мал азығындық дақылдармен әртараптандыру арқылы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінжұмыспен қамту шараларының көп бөлігі маусым мен қазан айларына келеді. Фермерлер осы кезеңде қысқа айларына қажетті мал азықтық шөп қорын  дайындап алады және ауыл тұрғындары қосымша жұмыспен қамтамасыз етіліп, қосымша табыс табуға мүмкіндік туады.

Қияс АЛДАБЕРГЕН,
А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы
ғылыми-зерттеу орталығындағы егіншілік бөлімінің меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар