Ерейментау ауданының Торғай ауылында ет кластері инвестициялық жобасын іске асыру үшін «Торғай» ЖШС, «Соколинки и К» және «Агрофирма НОМАД» компанияларынан тұратын консорциум құрылды.
Бүгінгі таңда жоғары өнімділігімен және климаттық жағдайларға төзімділігімен ерекшеленетін, ет бағытындағы 4 300 бас қалмақ тұқымдас асыл аналық ірі қара мал әкеліп, ветеринариялық есепке қойылды.
– Тағы да 5 мың бас асыл тұқымды аналық мал әкелу жоспарланып отыр. 2031 жылға дейін асыл тұқымды репродукторлардағы ірі қара мал санын 22,5 мың басқа жеткізу және бордақылау кешенінің қуаттылығын 30 мың басқа арттыру көзделген. Ет кластерін құру жоғары сапалы сиыр еті нарығындағы әлеуетімізді нығайтуға және өңір тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, – дейді бұл ретте, Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов.
Айта кетейік, Ерейментау ауданында жайылымдық жерлердің ең үлкен алқаптары шоғырланған, мұның өзі ауыл шаруашылығын дамытуға зор мүмкіндіктер береді. Қазіргі таңда ауданда «Жана Береке репродуктор» және «Ерейментау – Астық 2014» ірі бордақылау алаңдары жұмыс істейді, сондай-ақ, 100-ден 550 басқа дейінгі орта және ірі ет бағытындағы бірқатар шаруашылықтар бар.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

