БҰҰ бастамасын дамыту жөнінде кездесу өтті

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпан көміртекті секторды дамыту мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының өкілдерімен кездесті.

Кездесуге қатысушылар климат өзгерісінің салдарын жеңілдету бойынша күш-жігерді арттыру және халықаралық міндеттемелерді орындау жағдайында Қазақстанда, әсіресе, орман және ауыл шаруашылығы саласында көміртекті нарықтардың әлеуетін пайдалану жұмыстары күшейіп келе жатқанын атап өтті.

– Шетелдік инвесторлар Қазақстанда орман алқаптарын өсіруге қызығушылық танытуда. Ол үшін Ақмола облысында осы жобаның талаптарына толық сәйкес келетін аумақтар бар. Атап айтқанда, Атбасар ауданындағы Жабай өзенінің аңғары дәл осындай әлеуетке ие. Жоба өңірге инвестиция тартып, жұмыс орындарын құра алады және экологиялық жағдайды жақсартады, – деді Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының көміртекті нарықтар бойынша бас техникалық кеңесшісі Йохан Ниландер.

Өз кезегінде Мұрат Балпан мүдделі ведомстволар өкілдеріне жобаға қатысу шарттарын қарауды тапсырды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта облыста орман қоры 405,1 мың гектарды құрайды. 2025 жылы питомниктер қылқан жапырақты және жапырақты ағаш тұқымдарын егу 25 гектар жерге жүргізілді. Жалпы, Ақмола облысында 11 орман питомнигі жұмыс істейді, оларда жыл сайын 10 миллинон түптен астам көшет өсіріледі.

«Арқа ажарыныңі» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар