Тасқыннан бизнес субъектілері де зардап шекті

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан су тасқынына байланысты төтенше жағдай салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау үшін жедел штаб құрылды. Қазіргі кезде палата сарапшылары су басқан кәсіпкерлердің мүлкіне келтірілген залалды және оның салдарын бағалау үшін деректер жинау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Қазір су тасқыны салдарынан зардап шеккен бизнес нысандары тізімінде 22 кәсіпорын бар. Көкшетау қаласында осындай 9 нысан, Атбасар ауданында 8, Астрахан, Бұланды, Целиноград аудандарында бір-бірден, Есіл ауданында екі нысан тіркелген.

–Негізінен су тасқыны салдарынан зардап шеккен барлық кәсіпорын шағын бизнес санатына жатады. Бұл қызмет көрсету саласы, бөлшек сауда, жүк тасымалдау, нан-тоқаш өнімдерін өндіру және тағы басқа салалар. Бір жеке білім беру мекемесі, туристік агенттік бар. Алты бизнес субъектісі аграрлық өнеркәсіп саласына жатады, – деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

Сонымен қатар, өңірлік палата басшысы Атбасар ауданында болып, аудандық бизнес  өкілдерімен жедел кеңес өткізді. Атап айтқанда, су басу нәтижесінде бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу мәселелері талқыланды.

Жақын арада Үкімет бизнеске келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекітуді жоспарлап отыр. Әр облыста аймақтық комиссиялар құрылды. Олардың құрамына барлық мүдделі құрылымдық бөлімше өкілдері кіреді. Өз тарапымыздан біз күн сайын «Атамекен» ҰКП орталық аппаратына ағымдағы жағдай туралы мәліметтерді жолдаймыз. Қазір сауалнаманы және мүлікке келтірілген залалдың алдын ала актілерін толтыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, су басқан кәсіпкерлердің нысандарын фото  және бейне растау жүзеге асырылуда, – деп атап өтті палата директоры.

–2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Респубикасы Ұлттық экономика министрлігі бұйрығының жобасын талқылау аясында Өңірлік палата сарапшылары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына өңірлік бизнестің шоғырландырылған пікірін ескере отырып, бірқатар ұсыныс жолдады.

–Атап айтқанда, бүгінгі күні цифрлық платформаның болмауына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1358 Қаулысында реттелгеніндей, жергілікті атқарушы органдарға немесе материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия төрағасына өтініш беруді сақтауды ұсынамыз. Бірақ, жұмыс органы жергілікті жерлерде кәсіпкерлік бөлімдерін бекітсін. Бұдан басқа, залал фактілерін облыстың аудандары мен қалалары бөлінісінде төтенше жағдай жариялаумен байланыстырмау керек. Жасыратыны жоқ, бюджетке түсетін ауыртпалыққа байланысты жергілікті атқарушы орган әрдайым төтенше жағдай жариялай бермейді. Төтенше жағдай жарияланбаса,  залал бойынша өтінім жоқ, – дейді ӨКП директорының орынбасары Расул Сыздықов.

Мемлекеттен келтірілген залалды өтеу бойынша субсидия туралы ұсыныстардан басқа, жобаға арнайы қорлар құру қажеттілігін енгізу ұсынылды. Сондай-ақ, алдағы көктемгі егіс жұмыстарына байланысты сұрақтар туындайды.

Расул Сыздықовтың айтуынша, бүгінде Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (залалды) өтеу қағидаларын бекіту туралы» №1358 Қаулысы тек жеке тұлғаларға келтірілген залалды өтеу жөніндегі қатынастарды реттейді.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары «2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР ҰЭМ бұйрығының жобасында бизнес үшін барынша жеңілдетілген алгоритм көзделуі тиіс деп санайды.

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар