Депутаттар табиғи апатпен күрестің алдыңғы қатарында

Соңғы 80 жылдағы ең ауыр су тасқыны Қазақстанның бірнеше өңірінің тұрғындарына үлкен қайғы әкелді. Ақмола облысындағы жағдай да  өте күрделі.

Бүгінгі таңда су басу аймағында Атбасар, Бұланды, Жарқайың, Астрахан, Аршалы, Целиноград, Есіл және басқа аудандардағы елді мекендер бар.   Облыс орталығының тұрғындары да зардап шекті.

–Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары алғашқы күннен бастап құтқарушылар, коммуналдық қызмет  жұмысшыларының арасында болып, табиғи апаттан зардап шеккен жерлестеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, қаражаттық көмек, азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар түрінде материалдық көмек көрсетуде. Ауыл шаруашылығы құрылымдарын басқаратын депутаттар қар тазалауға арналған арнайы техниканы, инертті материалдар мен қаптарды және тағы басқа керек-жарақтықамтамасыз етуде. Дүйсенбі күні мен Жарқайың ауданында болдым, ауыл тұрғындарымен кездесіп, су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысымен таныстым. Бүгін іссапармен Атбасар ауданына шығамын, өздеріңіз білетіндей, онда жағдай өте қиын, – деп атап көрсетті Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов.

Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинау үшін арнайы «Асар Ақмола» қоры құрылғаны белгілі. Мәслихат төрағасы Б.Жүсіпов қордың шотына 400 мың теңге аударды.

–Су тасқынына қарсы күрес жалғасуда. Табиғи апаттың  салдарын жою үшін көп күш пен қаражат қажет. Сондықтан, мен өз әріптестерімді, сондай-ақ, барлық бей-жай қарамайтын азаматтарды қиындыққа ұшыраған  адамдарға көмек көрсетуге шақырамын, – деді бұл ретте, Бейбіт Айтымұлы.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар