Ел барда ері ұмытылмайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында «Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізеді» деп атап көрсетілген болатын.

Биыл елімізде даңқты батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойлары құрметіне ел тарихында тағылымы зор тұлғалардың өмірі мен өнегесін насихаттау мақсатында жалпы халықтық диктант өткізілді.

Бурабай ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері осы игі шараға диктант жазуға белсене қатысты. Ұлы Отан соғысында жауға қарсы шығып, елін, жерін қорғаған айбынды, ержүрек батыр бабаларымыз Кеңес Одағының Батыры, тұңғыш Қорғаныс министрі, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев ерліктері ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі-өнеге болып қала бермек.

«Арқа ажарының» өз ақпараты

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар