Астықтың үштен бірі жиналды

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша 4 миллион 316,6 мың гектар егіс алқабының 1 миллион 766,9 мың гектары орылып, қамбаға 1 миллион 819,9 мың тонна астық құйылды. Орташа гектар түсімі 10,3 центнерден айналуда.

Биыл Ерейментау ауданының диқандары 47 мың 480 гектар алқаптағы бидайды, 17 мың 25 гектар арпа мен сұлыны, 1026 гектар зығыр, 132 гектар картоп пен 5 гектар алқаптағы көкөністі жинап алуды жоспарлаған еді. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Абылай Иманжүсіповтың айтуынша, толассыз жауған жаңбыр диқандардың қолын жіпсіз байлапты.
– Дәнді дақылдар алқабының 25,3 мың гектары орылып, 20,3 мың тонна астық бастырылған. Гектар берекесі 8,2 центнерден айналды. Оның ішінде 14 мың гектар алқаптағы бидай бастырылып, 10 мың тонна бидай алынды. Әр гектардан 7,3 центнер өнім жиналды. 9 мың гектар жердің арпасы бастырылып, 8 мың тонна өнім алынды. Гектар берекесі 9 центнерді құрады. Сұлы алқабының 90 пайызы бастырылып, 1879 тонна өнім жиналды. Зығыр алқабының 46 пайызы жинап алынды. Бүгінгі күні 160 комбайн егін орумен айналысса, 44 жүк көлігі мен 38 трактор тіркемесі астық тасуда. Қолда бар астық қоймасы 50 мың тонна өнім қабылдай алады. Оның үстіне Ерейментау астық қабылдау кәсіпорнының сыйымдылығы 22,5 мың тоннаны құрайды. Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге ауданға 1105 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінді. Оның 740 тоннасын оператор болып саналатын «Арна» серіктестігі тасымалдады,–дейді бөлім басшысы.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар