Егіншілік саласын бір сарынмен жүргізе беруге болмайды

Ақкөлдегі семинар осы мәселеге жауап іздеді

«Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн». Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтқан сөзі. Еліміздің өткен жылдардан сабақ алып, алдағы кезеңдерге нық сеніммен қадам басатын кезі де дәл бүгін.

Осы орайда, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және Ақкөл ауданының әкімдігінің ұйымдастыруыменАқкөл қалалық Мәдениет үйінде«Егістікті майлы, дәнді-бұршақты және жемшөп дақылдарыменәртараптандырудың өзектілігі» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға Ақкөл ауданының әкімі Біржан Әбдірахманов, «Ауыл» партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығыныңвице-министрі Ербол Тасжүреков, Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы КенешӘлімжановжәне өңірдегі 400-ге жуық фермерлер, серіктестік басшылары, диқандар қатысты. Жиын басында отандық тұқым өндірушілердің, минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын жеткізушілердің селекциялық жетістіктері көрмесі ұйымдастырылды. Шараның алғашқы сөзін алғанаудан әкімі өткізіліп отырған жиынның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға алғысын білдіре келе, Ақкөл ауданының егін шаруашылығы саласының мән-жайын қысқаша айтып берді.

–Ауыл мен агроөнеркәсіптік кешеннің өзекті мәселелері «Ауыл» партиясы қызметінің басты бағыты. Бүгінде, көктемгі дала науқаны қарсаңындағы ең өзекті мәселе егістік алқаптары құрылымын әртараптандыру және қайта бағалау арқылы ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың тиімділігін арттыру болып отыр.Бүгінгі семинарымызда егін алқаптарын әртараптандыру үшін өткізілуде. Қазіргі таңда, 24-25 миллион гектар алқапқа егін ексек, соның 12-13 миллионы астыққа кетеді. Бұл біздің ел үшін артық деп айтуға болады. Оның орнына басқа дақылдарды егу керек. Жалпы, әлемде де, еліміздің ішкі нарығында да майлы дақылдарға сұраныс өте жоғары. Және мұның экономика жағынан тиімділігі де жоғары. Мысалы, пісте майын, рапсты, сояны алайық. Олардың орташа бағасы 1 тоннасына 200 мың теңге. Ал, былтыр қиын жағдай болмайды дегеннің өзінде, астықтың тоннасы 120 мың теңге деп белгіленді. Бірақта, қазіргі нарықта 50-60 мың теңгеден аспай тұр. Соның өзін сата алмай қалдық. Майлы дақылдарды қанша өсірсекте, көршілес Қытай, Ресей, тіпті Европа елдері де көптеп алғалы отыр, – деді өз сөзінде Серік Егізбаев семинар жұмысын түсіндіріп. Партия төрағасының айтуынша, елде соңғы кезде бидай егетіндер қатары артқан. Салдарынан былтыр қамбаға түскен осы дақылдың 6 миллион тоннаға жуығы сатылмай қалып қойған. Оның басты себебі, нарықта сұраныстың жоқтығынан.

Бірер айдан кейін көктемгі егін науқаны басталады. Биылдан бастап оңтүстіктің диқандары мақта мен күріштің орнына қант қызылшасын егуі керек. Солтүстіктекүнбағыс сияқты майлы дақылдарды өсіруді қолға алу қажет. Бұл сөзіміздің өзіндік себептері бар екенін айта кеткен жөн. Әр өңірдің өз ерекшелігі, топырағы, ауа райы, су қорларына байланысты, ыңғайлы деген егістік түрлері  егілетін болады. Өткізілген семинарда егістік алқаптардың құрылымын әртараптандыру және қайта бағалау арқылы ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың тиімділігін арттыру жайы қозғалды. Салаға жауапты министрлік өкілдері мен «Ауыл» партиясының мүшелері, фермерлер Президенттің егін шаруашылығын реформалау туралы тапсырмасын орындау бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ, вице-министр Ербол Тасжүрековт3ң айтуынша, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облысында майлы дақылдардың алқабын ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл мал шаруашылығы жемшөп базасының тұрақты дамуына септігін тигізеді. Десе де алдымен тұқым мәселесін шешу керек.

–Жасыратыны жоқ,тұқымның біразы сырттан тасымалданады. Әсіресе, жеміс-жидектердің тұқымдарын сырттан алып келеміз. Бізде майлы дақылдар егісі жақсы дамыған. Дегенмен, сырттан импортталатын тұқымдар да бар. Биылдан бастап отандық тұқымды дамыту бойынша 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданатын болады, – деп вице-министр тұқым мәселесіне тоқталды.Және де облыстық басқарма басшысы Кенеш Әлімжанов өңірдегі өткен жылғы егін науқанының жетістігі мен олқы тұстарын айтып, алдағы көктемгі егіс науқанындағы мәселелерді тілге тиек етті.

Сонымен бірге, семинарда агроном ғалымдар өз тәжірибелерімен бөлісті. Олардың қатарында «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» серіктестігінің төрағасы, биология ғылымдарының кандидаты Тимур Савинмайлы және бұршақты дақылдарды өсірудің өзектілігі туралы баяндама жасаса, Шығыс Қазақстан облысынан келгенмайлы дақылдар тәжірибе шаруашылығының тұқым жөніндегі бөлім жетекшісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Юрий Каменевкүнбағыс пен соя өсіру арқылы егіншілік рентабельділігін арттыру тақырыбында талқылап, өз шаруашылықтарының тәжірибесін ортаға салды. Оған қоса, «Рапуль Қазақстан» ЖШС-ның бас директоры Ардақ Сыпырықовортаға салған ұсыныс –солтүстік өңірлердегі егіс алқаптарын әртараптандыруда еуропалық селекциялық рапс және майлы зығыр тұқымын қолдану болды. Оның айтуынша, неміс ғалымдардың ізденістерінің нәтижесінде, ресми стандарт бойынша рапс тұқымының өну жылдамдығы 85 пайызды құрайды. Ақмола облысында көпжылдық және біржылдық шөптерді өсіру тәжірибесін «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС көпжылдық шөптер бөлімінің меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Надежда Филиппова айтып көрсетсе, ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру, соның ішінде жемшөп базасын нығайтумәселелерін Қостанай облысы «Қарабалық АШТС» серіктестігі басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары Владимир Чудинов тарқатып берді. Ал,«Солтүстік Қазақстан АШТС» ЖШС директорының ғылым жөніндегі орынбасары Олег Соловьевсолтүстік өңірдің далалық аймағында берік жемшөп қорын жасауға қара бидайдың алар орнын ортаға салды.

Осылайша 4 сағатқа созылған семинар барысында елімізде ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін екі есеге ұлғайту, өңдеу өнеркәсібін 70 пайыз көтеру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған ауыл шаруашылығы саласындағы қордаланған мәселелер талқыға түсті. Оған қоса, жиынға жиналған жұртшылық өкілдері де көкейіндегі сұрақтарын қойып, өтініш-тілектерін жеткізді. Соның ең бастысы –     мал жайылымы. Жайылымдық жерлердің орылып, өңделіп, егістікке айналып жатқаны малмен жансақтайтын тұрғындардыңжанайқайына әкеліп соғуда. Егістік жерлерді әртараптандырамыз, майлы дақылдар алқабын ұлғайтамыз деп шаруаларды жайылым мен шабындық жерден айыру ақылға қонбайды. Бұл түйткілді ұйымдастырушылар да естен шығармай, барлығына тиімді жолмен қол жеткізуге келісіп, жоғары жақ та осыған күш салатынына сенім білдірді. Лайым солай болғай деп үміттенеміз.

Қорытындылай келе, Мемлекет басшысы өзінің өткен Жолдауында «фермерлерді отандық тұқымдармен қамтамасыз етумен, жаңа өнімді сорттарды шығарумен және өсірумен айналысу керек» деп шегелеп айтқан еді. Аталмыш семинардың өзектілігін Президенттің егістіктерді әртараптандыру және тиімділігі жоғары дақылдар алқаптарын ұлғайту, суды көп қажет ететін және молекультуралық егістерді қысқарту жөнінде берген осынау тапсырмасы айқындайды.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар