Ашық күндері қарқын жақсы

Биыл облыс диқандары алдында 4 миллион 384 мың гектар егіс алқабының астығын жинап алу міндеті тұр.
Бүгінгі күнге дейін 1991,1 мың гектар алқаптың егіні алынып, қамбаға 2047,1 мың тонна астық құйылды. Орташа гектар берекесі – 10,3 центнер.

Бүгінгі күні Есіл, Шортанды, Ерейментау аудандарының диқандары барлық алқаптың тең жартысын бастырып үлгерді. Олардан егістік алқабы ауқымды Жарқайың, Жақсы, Астрахан аудандары қалысар емес. Орақ жұмысы Бурабай, Егіндікөл, Зеренді аудандарында сылбыр жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн. Мәселен, Ақкөл ауданының диқандары егінді дестеге түсіруді 12 тамызда бастаған екен. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Гүлжан Кенжинаның айтуынша, биылғы жылы 133,8 мың гектар алқаптың дәнді және бұршақты дақылдарын, 700 гектардың зығырын, 6 мың гектардың азықтық дақылын, 1,9 мың гектардың картоп пен көкөнісін жинау жоспарланған.
– Бүгінгі күні 50,5 мың гектар алқаптағы дәнді дақылдар орылды. Оның 10 мың гектары дестеге түсірілді. Егіннің 50,5 мың гектардан 53,5 мың тонна астық бас-тырылды. Орташа гектар берекесі 10,6 центнерден айналуда. Қамбаға 6,5 мың тонна тұқым құйылды. Аудан бойынша «АСКОП» серіктестігі алда келеді. Олар 10,3 мың гектардың астығын жинап алды. Бұл барлық егін алқабының 79 пайызы. Сондай-ақ, «Урюпинский и К» серіктестігі барлық егін алқабының 50 пайызын, «Хлебороб» серіктестігі 34 пайызын жинап алды,–дейді бөлім басшысы.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар