«Telegram bot» қосымшасын пайдаланыңыз

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Көкшетау қаласының әкімдігімен және «Азаматтарға арналған мемлекеттік корпорация» ҰАҚ филиалымен бірлесіп кезекті мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізді.

Бұл жолғы жәрмеңке жаңа форматта өтті. Яғни, Абай Мырзахметов атындағы университеттің базасында болған іс-шараға қатысушыларға «Telegram Bot» мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға практикалық көмек көрсетілді. Осыған орай, оқу орныда кездейсоқ таңдалмаған екен. Қазіргі таңда әр студенттің қалтасында Халыққа қызмет көрсетуге арналған мобильдік қосымшасы мен гаджеті бар. Сонымен қатар, студент-жастар осы дағдыларды достарына, курстастарына, отбасы мүшелеріне және басқаларға да үйрете алады.
Сондай-ақ, студенттерге жаңа жұмыс іздеу қызметі де ұсынылған. Оны да осы «Telegram bot» қосымшасы арқылы алуға болады. Бұл қызмет сабақтан бос уақытында қосымша ақша тапқысы келетін студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Іс-шара барысында барлығы 1500-ге жуық студенттер мен оқытушыларға практикалық көмек көрсетілді. Осындай заманауи қызметтер әлі де жалғасатын болады.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар