Үлкенді сыйлау – дәстүріміз

Ұлы Отан соғысында қаһармандық пен қайсарлық танытып, тың игеру жылдары қажырлы еңбектің үлгісін көрсеткен көкшетаулық ардагерлер тәуелсіз еліміздің іргетасын бірге қаласып, жас ұрпақты ізеттілік пен парасаттылыққа тәрбиелеуде белсенділік танытуда.

Облыстық және қалалық әкімдіктердің, мемлекеттік органдардың қолдауымен зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіліп, олардың санаторийлерде дем алып, медициналық көмек алуларына қолайлы жағдай жасалуда.
Өз тарапынан ардагерлеріміз де тарихымызды зерделеп, салт-дәстүрімізді, рухани құндылықтарды насихаттауда шығармашылық ізденіс танытып жүр. Көкшетау қаласының 195 жылдығына орай, құрақ көрпе тігу жөніндегі конкурсқа қатысып, өздерінің шеберліктерімен тан қалдырды. «Ақбұлақ-Родник» клубының өнерпаздары «Ақмола жұлдыздары» байқауында жүлделі орыннан көрінсе, шахматшыларымыз бен бильярдшыларымыз облыстық деңгейдегі сайыстарда сан мәрте жеңімпаз атанды.
Ардагерлер ұйымының орталық кеңесі жариялаған «Қарттарым – асыл қазынам» атты қайырымдылық акциясы аясында үлкенге ізет білдіру, іс-шараларын әр еңбек ұжымында өткізбекшіміз. Қарттар айлығының басталуына орай баршаңызға мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық тілеймін. Егемен мемлекетіміздің абыройын асқақтату жолында өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетіп, биік тұғырдан көріне беріңіздер!
Шияп ӘЛИЕВ,
Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар