Сұлу табиғатымызды сұғанақтық пен өрттен сақтайық

Орман – ел дәулеті ғана емес, сәулеті де. Табиғат сыйлаған осынау байлықты көздің қарашығындай сақтау, оған аялы көзқарас таныту – баршамыздың міндетіміз. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.

Біздің инспекция тарапынан биылғы жылдың өзінде облыс аумағындағы 13 орман шаруашылығында, 3 мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, тағы басқа да орман қорғайтын қорғау мемлекеттік мекемелерде жан-жақты тексеріс жүргізілді. Облыс бойынша жыл басынан бері жалпы көлемі 798,7 текше метрді құрайтын заңсыз ағаш кесудің 32 оқиғасы тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Соның салдарынан келтірілген зиянның көлемі 3184900 теңгені құрайды. Орман алқаптарында әкімшілік құқық бұзғаны үшін 149 лауазымды және жеке тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды. Оларға 101 ескерту жасалып, 48 құқық бұзушылық хаттама толтырылып, 4374500 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Облыс орталығы Көкшетау қаласының айналасында өсіп тұрған ормандар Бұқпа орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің қарауына жатады. Қала маңындағы орман алқаптарының ішіндегі санитарлық тазалық көңіл көншітер емес. Жаз айларында мұнда дем алушылар өте көп, кейбір дем алушылар дем алған орындарында қаншама қоқыстарды, пластикалық бос ыдыстарды қалдырып кетеді.
Осы орайда, Бұқпа орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің орманшылары тынымсыз еңбек етіп, орманды оттан қорғау, тазалығын қадағалау жұмыстарын жүргізуде. Жыл сайын қаншама лауазымды және жеке тұлғалар орманда санитарлық ережелер мен өрт ережелерін сақтамағаны үшін жауапқа тартылып, айыппұл салынады. Өкінішке орай, бұл жағдай, яғни, орманға озбырлық қайталанумен келеді.
Жасыл желекті байлығымыз – орманды сақтау, таза ұстау тек қана мемлекеттік органдардың атсалысуымен ғана шешілмесі белгілі. Оған барша халық болып оң көзқараспен қараған жөн. Сұлу Ақмола, Көкше өңірлерінің қайталанбас табиғат мүйістері еліміздің басты байлығы, баршамыздың ортақ мақтанышымыз болып табылады. Ендеше, тағы да қайталап айтсақ, осынау асыл қазынаны көздің қарашығындай қорғау әр азаматтың ортақ парызы болса керек. Соны ұғынып, түсіне білейікші.
Назымбек ҚАБЫЛОВ,
Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар