Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Алтынай Байқадамқызы Әміренова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Ақмола облысы әкімінің өкімімен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Алтынай Әміренова 1973 жылы Қарағанды облысы Киевка селосында туған. 1996 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін филолог мамандығы бойынша, 2008 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтында лаборант қызметінен бастайды. 1997-2000 жылдар аралығында Қарағанды облысында Қараой орта мектебінде және Астана қаласындағы №8 орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарды. 2003 жылы мемлекеттік қызметке ауысып, Степногорск қалалық ішкі саясат бөлімінде бас маман, кейінірек сараптама бөлімінің және ішкі саясат бөлімінің бастығы болып қызмет етті. 2008-2012 жылдары Көкшетау қаласы әкімдігінде ішкі саясат бөлімінің бастығы болды. 2012 жылдан соңғы тағайындалғанға дейін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары болып істеді.

* * *

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жұмыс сапарымен Көкшетау қаласында болып, Ақмола облыстық полиция департаментінің жаңа бастығы
Арманбек Хәкімбекұлы Баймурзинді ұжымға таныстырды.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар