Қосшыда «Дара – бизнес академиясы» мектеп-лицейі ашылды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Целиноград ауданының Қосшы кентінде болып, облысымыздағы алғашқы жекеменшік

«Дара – бизнес академия-сы» мектеп-лицейінің ашылуына қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, аталмыш елді мекендегі бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандардың жұмысымен танысты.

Тұңғыш Президент мерекесімен тұспа-тұс келіп отырған жаңа мектептің ашылуы қосшылықтар үшін үлкен сый болды. Білім ордасында 600 оқушы білім алады. Ғимарат құрылысына инвестор – «Kazyna-SR» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 450 миллион теңге қаржы құйған. Оны мердігер «Silk-Road Corporation» серіктестігі 2017 жылы қолға алып, биыл аяқтаған екен.
«Kazyna-SR» серіктестігінің директоры Сайра Матайбаеваның айтуынша, бұл жекеменшік білім ордасы жаратылыстану-математикалық бағытта жұмыс істейтін болады. Оқушыларды ағылшын тілі және кәсіпкерлікке машықтандырады. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тəрбие беруде мұғалімдердің білімді де білікті болуымен бірге, мектептің материалдық-техникалық жарақтандырылуы мен озық оқу құралдарымен жеткілікті қамтамасыз етілуіне зор мән беріліп отыр. Мектеп кабинеттері заманауи технологиямен жабдықталып, барлығына дерлік интерактивті тақта орнатылған. 4-тен 11-ге дейінгі 25 сынып бар.
Жаңа білім ордасының ашылу салтанатына облыс басшысы Ермек Маржықпаев қатысып, оқушылар мен ұстаздарды қуаныштарымен құттықтады.
– Бүгін баршамыз тарихи оқиғаның куәсі болып отырмыз. Күннен күнге дамып, халық саны артып келе жатқан Қосшы тұрғындары үшін жаңа мектеп-лицейі Тұңғыш Президент күні қарсаңындағы үлкен сый болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында әлеуметтік салаға, оның ішінде білім беру, медицина және халықтың әл-ауқатын арттыруға көңіл бөлуді тапсырған еді. Бүгін есігін ашқалы отырған білім ордасы Целиноград аудандық мәслихатының депутаты, жеке кәсіпкер Сайра Матайбаеваның Президент Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруға қосып отырған азаматтық бастамасы, – деді Ермек Маржықпаев.
Облыс басшысы атап өткендей, қазіргі таңда Целиноград ауданында тұрғындардың саны артқан сайын мектепте орын тапшылығы сезілуде. Ағымдағы жылдың көктемінде өңірге жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселені шешу туралы нақты тапсырма берген болатын. Бұл мәселе, Ақмола облысында біртіндеп шешіліп келеді. Мәселен, биылғы оқу жылында Бурабай ауданында 700 орындық мектеп пайдалануға берілсе, Көкшетау қаласында 4 мектепке қосымша ғимарат салынуда.
Салтанатты шара барысында облыс әкімі Ермек Маржықпаев және жеке кәсіпкер Сайра Матайбаева жаңа мектептің лентасын қиды. Сонымен қатар, шараға Қазақстан Рес-публикасы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова қатысқанын да айта кеткен жөн. Өз кезегінде аудан тұрғындары атынан сөз сөйлеген Целиноград ауданындағы «Родина» агрофирмасы» серіктестігінің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Иван Сауэр игі істі қолға алған кәсіпкерге ризашылығын білдірді.
Осы күні облыс әкімі «Sky Express Elevator KZ» серіктестігінің жұмысымен танысты. Осыдан төрт жыл бұрын ашылған жедел саты (лифт) және эскалаторлар зауытының басшысы Нариман Хабибтің айтуынша, кәсіпорында жылына 2 мың дана жедел саты шығарылады екен. Өнімге елімізде сұраныс жоғары. Іргедегі ел астанасында салынып жатқан тұрғын үйлер мен нысандарға осы кәсіпорын шығарған жедел сатылар қолданылады. Тіпті, 2017 жылы «ЭКСПО–2017» көрмесі нысандарына 85 дана көтергіш жабдықтарын жеткізіпті.
Бұдан кейін облыс басшысы темір бетон өнімдерін шығаратын «Сапа су» зауытында болды. Кәсіпорын жұмыс туралы серіктестік директоры Бауыржан Мәмбетжанов айтып берді. Оның сөзінше, 2015 жылы «Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған темірбетон өнімдерін шығаратын кәсіпорынның өніміне осы күні еліміздің оңтүстік және шығыс өңірлері де қызығушылық танытуда.
«Темірбетон бұйымдар өндірісін жаңғырту» жобасын жүзеге асыру зауыттың жылдық қуатын айтарлықтай арттырды. Бүгінгі күнде «Сапа су» серіктестігі темірбетон бұйымдарын жаңа технологиялық еуропалық жабдықтарда өндіретін инновациялық зауыт болып табылады. Темір бетон өнімдерін шығаратын зауыттың барлық қондырғылары Германияда жасалған, өндіріс үрдісі толық автоматтандырылған.
– Дайын өнім Нұр-Сұлтан қаласынан бастап, елміздің барлық өңірлеріне сатылады. Темір бетон құбырлары қазіргі кезде қолданылып жүрген пластикалық құбырлардан гөрі, арзан әрі төзімді, – дейді кәсіпорын басшысы.
Сонымен қатар, сапар соңында об-
лысы басшысы Ермек Маржықпаев Қосшы ауылдық мәдениет үйінде де болды.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар