Сәрсенбай әншінің шығармашылық кеші

Көкшетау қаласындағы Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Сәрсенбай Хасеновтың «Ән және поэзия» атты шығармашылық кеші өтті.

Кешке Қазақстанның еңбегі сіңген әртісі Ғазиза Жұмекенова, республикалық байқаулардың лауреаты, жас әнші Шыңғыс Сәрсенбай, мәдениет қайраткерлері Мереке Бекмағамбетов және Гүлжан Ахметова қатысты. Концерт төрт бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімінде Көкшетау мен Бурабай өңірін әнге қосса, екінші бөлімі Абайдың 175 жылдығы, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы және Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналды. Ал, үшінші бөлімде лирикалық әндер шырқалды.
Ән мен жырдың мекені атанған Көкше топырағы әлмисақтан сал-сері, ақын-жазушыларға кенде емес еді. Кешегі Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай сынды қазақ өнерінің алыптары осы жерден шабыт алып, әніне қосқан киелі өлке. Сол асылдардың сынығы, қара домбырасын жанына серік етіп, дәстүрлі өнерді халқына сыйлап жүрген дарындардың бірі – Сәрсенбай Хасенов. Ол өзінің қоңыр дауысымен, қасиетті қара домбыраның күмбірлеген үнімен сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тарап келе жатқан халық әндерін орындаумен танымал. Ол үнемі шығармашылық ізденісте жүреді. Оның орындауындағы қазіргі заманғы композиторлардың жаңа әндері соның айғағы іспеттес.
Кешке жиналған көрермендер де әуелеген ән мен тамаша көңіл-күй сыйлаған сүйікті әншілеріне алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар