Елдің бірлігі бәрінен қымбат

Жуырда Жамбыл облысы Қордай ауданының Масанчи ауылында орын алған жайсыз оқиға ақмолалық тұрғындар тарапынан да үлкен алаңдаушылық туғызып, бүгінгі таңда біздің мемлекетіміз бен халқымыз үшін елдің тыныштығы мен бірлігінен асқан ештеңе жоқ екендігіне тағы бір айқын көзімізді жеткізе түсті. Төмендегі мақалада осы бір қақтығыс себептеріне ой жүгіртіліп, одан алар сабақтың төңірегінде сөз қозғалады.

Біз қашанда еліміздің біртұтастығы, ынтымағы мен бірлігінің жарасуын қалаймыз. Біздің елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясына біріккен барлық ұлттар мен ұлыстардың түпкі мүддесі де осы болуы керек. Соған қарамастан еліміздің кей жерінде кейбір қордаланған мәселелерге байланысты түсінбеушіліктер орын алып қалуда. Қордайдағы қақтығыстың салдарынан Мемлекет басшысының шешімімен бірқатар басшылар мен полиция қызметкерлері қызметінен кетті. Жамбыл облысының әкімі де ауысты. Бұл жағдай әлі де Президенттің тікелей бақылауында. Осының бәрін әлдекімдер өз пайдасына шешпесе екен, қалай десек те қоғамдық тәртіптің бұзылмағаны жөн.
Осы ретте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қордайдағы жағдайға байланыс-
ты құрылған Үкіметтік комиссияның мүшесі Бақытбек Смағұл өзінің facebook парақшасында қазақ пен дүнген арасындағы жанжалдың себеп-салдарын жазып, өз ойын он ұсыныспен жеткізген болатын. Мен сол пікірге қосыламын. Онда Мәжіліс депутаты көпшілік біле бермейтін, бірақ, ең өзекті деген мәселелерге тоқталды. Оның бәрін шешу бір күннің ісі емес, әрине. Бірақ, біртіндеп шешіледі деген үмітіміз бар. Осы жұмыстар басталған да сияқты. Біріншіден, екі жақтан ақсақалдар жиналып, кеңес құрды. Бес ауылдың бәрінен өкілдер жиналып, тиянақты әңгіме болды.
Дүнген жағынан қариялар басын иіп тұрып, жастардың бұзақылығы, үлкендердің тәрбиеде жіберген олқылығы үшін қазақтардан кешірім сұрады. Тараптар қол алысып, мәмілеге келді. Дүнген қариялары қазақтарды мешіт ішінде мұсылман болып бас қосып, татуласуға шақырды. Міне, бұл, татулық пен көрегендіктің белгісі. Мұның бәрінен шығатын қорытынды, жергілікті жұртшылық өзара келісімде өмір сүрмей болмайды. Қазақстан халқының бір бөлігі болғысы келсе, дүнгендер тәртіпке көнуі, мемлекеттік тілді білуі және жергілікті ұлттың салтын сыйлауы керек. Салтымызды сыйламаса, халқымызды балағаттаса, қартымызды тепкілеп жатса, оған қалай бейжай қарап отырамыз?! Осыған байланыс-
ты қойылатын тиісті талаптардың барлығы айтылды. Бұл бағытта енді үлкен жұмыс істелуі қажет.
Тарихқа көз жүгіртсек, дүнгендердің қазақ еліне үдере көшіп келгеніне бір жарым ғасырдай уақыт өтіпті. Бірақ, біздің ұлттың тілін білмейтін көрінеді. Сондықтан, жалғыз дүнген ғана емес, басқа барлық этностар да мемлекет құрушы қазақ халқымен бірге бір ұлт болып ұйысуы керек. Жұртшылық төбелестің қайталануын емес, жылдар бойы қордаланған түйткілдердің нақты шешілгенін қалайтыны жасырын емес. Бақытбек Смағұл айтқандай, қазақтың қанымен келген жер заңымен қорғалуы тиіс. Олай болса, мемлекет ішінен мемлекет құру деген қате пиғылға жол берілмесін.
Аналар кеңесінің төрайымы ретінде барлық қазақстандықтарды жастар тәрбиесіне көбірек көңіл бөліп, еліміздің тыныштығын сақтауға шақырамын. Президентіміздің жанында тағы да бір тығыз топтасып, бірлігіміз бен ынтымағымызды бәрінен жоғары қоятын ел екенімізді көрсетейік, ағайын!
Зере Қиықова,
Қазақстан халқы Ақмола
Ассамблеясы жанындағы
Аналар кеңесінің төрайымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар