Жеке кәсіпкердің алғашқы қадамы қуантарлықтай

Державинск қаласының тұрғыны Жансая Әлмұханова «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша балалардың ойын алаңын ашты.

Кәсіпкер өткен жылдың сәуір айында 250 мың теңгенің грантын жеңіп алыпты. Ол бұл қаржыға салтанат залдарын безендірумен айналысатын агенттік ашқан. Бұл – Жансаяның бизнестегі алғашқы қадамы еді. Енді Жарқайың аудандық кәсіпкерлер палатасынан алған 2 миллион теңге несиеге екі жастан сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ойын алаңын ашып отыр.
Қазіргі заманғы жабдықтар орнатылған орталықта балалардың ойнап, уақыттарын көңілді өткізулеріне барлық жағдай жасалған. Мұнда балаларға танымдық ойындар ұсынылып, түрлі мерекелер ұйымдастырылады.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар