Абылай ханның ұлылығы

  Ақмола облыстық тарихи өлкетану музейі Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Абылай хан резиденциясы» музей кешенімен бірлесіп, «Ордасы ұлы Абылайдың» атты көрменің ашылу рәсімін өткізді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілген іс-шарада Ақмола облыстық тарихи өлкетану музейінің директоры Қуаныш Шақшақов, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы тарих және ғылым академиясының академигі Қадыржан Әбуев сөз алып, көрменің құнды тұстарына тоқталды.
Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Көпшіліктің санасында тарихи үрдістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады. Ұлы дала Абылай хан сынды көрнекті қайраткерлердің тұтас шоғырын дүниеге әкелді», – деп атап көрсеткені белгілі.
Алтын Орда ыдырағаннан кейін оның негізінде бірқатар тәуелсіз мемлекеттер құрылды. XIX ғасырдың бірінші ширегіне дейін өмір сүрген сондай мемлекеттердің бірі – Қазақ хандығы. Оның дамып, нығаюында сол кезеңнің күшті мемлекеттерімен тең қарым-қатынас жасай білген ұлы Абылайдың рөлі зор.
Абылайдың дипломат және саясаткер ретінде екі ірі көрші мемлекет – Қытай мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынасты сақтап, жоңғарлар тарапынан шабуыл қаупін сейілткенінің өзі ерекше айтуға тұрарлық. Ол барлық қазақ жерлері мен руларының басын қосып, біріктіре алды.
Көрменің басты мақсаты да үш жүзді бір мүддеге тоғыстырып, өз мемлекетінің тәуелсіздігі мен тұтастығы үшін жан аянбай күрескен ұлы мемлекет қайраткері Абылай хан бейнесін жастар жадына тоқытып, оларды тарих қойнауына терең бойлату болып табылады. Көрмені наурыз айының
з15-іне дейін тамашалауға болады.
Айтолқын АМАНГЕЛДІ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар