Білікті маманның қолтаңбасы

Көкшетауда әртүрлі диаметрлі полиэтилен құбырларын, газ қондырғылары мен әскери техникалар үшін арнайы тетіктермен бірге, мүгедектер арбасын да шығаратын «Тыныс» акционерлік қоғамы еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірінен саналады.
Қазір зауытта жасалатын теміржол, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мұнай саласына қажетті қосалқы бөлшектер мен бронежилеттер тапсырыс берушілер тарапынан жақсы бағаланып, сұранысқа ие болуда. Бұл ортақ табысқа зор үлесін қосып жүрген №5 цехтың токарі Қанат Дүйсенбин өз мамандығын жетік меңгеріп, жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Ол ондаған жыл осы кәсіпорында еңбек еткен білікті маман ретінде жастарға өз ісін жауапкершілікпен атқарудың үлгісін көрсетуде.
Берік ЕСКЕНОВ.
Суретте: озат токарь Қанат Дүйсенбин.
Суретті түсірген автор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар