Құрметті ақмолалықтар!

«Бастау Ақмола» қоғамдық қоры Ақмола облысының тұрғындарын азаматтық белсенділік, жауапкершілік пен мейірімділік көрсете отырып, аз қамтылған азаматтардың, көп балалы отбасылардың, табысы төмен және қиын жағдайда қалған тұлғалардың басқа да санаттарының мұқтаждықтарына жәрдемдесуге, қоғамның өмірлік маңызды және әлеуметтік мәселелерін шешуге өз үлестерін қосуға шақырады.

Бүгінгі таңда әлемдік экономикада жаһандық табиғаты бар және бірқатар дағдарыстық құбылыстарға әкеп соққан күрделі жағдай қалыптасты. Сонымен қатар, жақында ғана Қазақстан тарихында коронавирустық инфекцияның таралуын баяулату үшін төтенше жағдайды енгізу бойынша теңдессіз қадам жасалды.
Біз қазіргі уақытта мемлекетіміздің азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары жүйесін дамыту үшін барлық шараларды қолданып жатқанын көріп отырмыз.
Коронавируспен күресу үшін эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар кешені бағытталған. Барлық мемлекеттік органдардың, олардың құрылымдық бөлімшелері мен қызметтерінің жұмысы үйлестірілді. Барлық медициналық ұйымдардың персоналы осы іс-шараларға тартылып, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Осыған байланысты «Бастау Ақмола» қоғамдық қоры Ақмола облысының тұрғындарын азаматтық белсенділік, жауапкершілік пен мейірімділік көрсете отырып, аз қамтылған азаматтардың, көп балалы отбасылардың, табысы төмен және қиын жағдайда қалған тұлғалардың басқа да санаттарының мұқтаждықтарына жәрдемдесуге, қоғамның өмірлік маңызды және әлеуметтік мәселелерін шешуге өз үлестерін қосуға шақырады.
Көмек көрсетуге ниет білдірген барлық азаматтар реквизиттерде көрсетілген қоғамдық бірлестіктің шотына қаражат аудара алады. Қорға түскен қаражат жеке қорғану құралдарын сатып алу, оларды мұқтаждарға өтеусіз беру және коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі өзге де шаралар үшін пайдаланылатын болады. Қаражатты жұмсаудың ашықтығы қамтамасыз етіледі.
Деректемелері:
«Бастау Ақмола» қоғамдық қоры
БСН: 170640004334
Банк: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
ЖСК: KZ436010321000360633
БСК: HSBKKZKX
Коды: 18
Банк филиалының орналасқан жері: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, тел:
8 (7162) 58 59 21; факс: 8 (7162) 31 18 57.

Барлық жанашырлық танытқандарға деген ризашылықпен:
«Ақмола Бастау» қоғамдық қоры».

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар