Ұлы Жеңіс 75

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұстазы, техника ғылымының докторы Қайролла Байшағыров редакциямызға келіп бір топ көне фотосуреттерді тапсырып кетті. Бұл суреттер Қайролланың өз әкесі Жанбай Байшағыровтың соғыстағы және бейбіт өмірдегі ғұмырнамасынан толық мағлұмат бергендей екен.
Жанбай Байшағыров кезінде партия және кеңес орындарында жетекші қызметтер атқарған. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысып, тамаша ерліктер көрсеткен болатын. Сол соғыс жылдары Жанбай Байшағыров Қазақстаннан Панфиловшылар дивизиясына азық-түлік және киімдер апарған делегацияны қарсы алушылардың арасында болғандығын майдан даласынан түсірілген мына сурет айқындайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар