Жаңа бағдарлама – жаңа мүмкіндік береді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында елімізде төтенше жағдай режимі аяқталатынын айтты. Алайда, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін карантин шектеулері әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы отырыс барысында тұрғын үй мәселесін шешу үшін «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырды.

«Экономиканың өсімі мен жұмыспен қамтудың және әлеуметтік қолдаудың қуатты стимулы – қолжетімді тұрғын үй құрылысы болуы керек. Елбасы бастаған «7-20-25» бағдарламасы тұрғын үй құрылысы бойынша ипотекалық несиелеуге үлкен серпін берді. Кезекте тұрған адамдарды несиелік тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырамын», – деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл бағытта 390 миллиард теңге бөлінбек. «Биыл елде рекордық деңгейдегі – 15 миллион шаршы метр немесе 150 мың үй мен пәтер салынады. Азаматтарымыздың тұрғын үй жағдайын жақсарту жұмысын жалғастыру керек. Бұл – Үкіметтің стратегиялық бағыттарының бірі», – деді Президент.
Біз жас отбасымыз. Үш баламыз бар. Алла қаласа, тағы бір сәби күтіп жүрміз. Қазақ халқында «Өз үйім – өлең төсегім» деген қанатты сөз бар. Жасыратыны жоқ, тұрақты баспанаң болмаса қиямет. Мемлекет басшысының бүгінгі комиссия отырысында айтқан сөзі жүрегіме қуаныш ұялатты, тың серпін тудырды. Болашаққа зор сенім артамыз. Жаңа бағдарлама баспанасы жоқ біз сияқты жандарға өз септігін тигізеді деген сенімдемін.
Ризагүл САҒЫНАЙҚЫЗЫ.
Көкшетау қаласы.

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзінде жаңа тұрғын үй жобасының басталғаны туралы жариялады.

Бүгінгі «5-10-20» бағдарламасы бұдан бұрын Елбасы іске қосқан «7-20-25» бағдарламасының заңды жалғасы әсер қалдырады.
Бұл – 20 жыл мерзімге 10 пайыз бастапқы төлеммен 5 пайыздық несие алу деген сөз. Бағдарлама қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, арнайы бағдарламалар бойынша тұрғын үй мәселелерімен айналысатын «Отбасы банкін» құру туралы тапсырма берілді. Бұл тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің негізінде құрылатын болады.
Сонымен қатар, Президент қазақстандықтар өздерінің зейнетақыларының бір бөлігін баспана сатып алу үшін пайдалана алатындығын айтты. Бұл өте ыңғайлы әрі дұрыс шешім. Үй сатып алғысы келетін біз сияқты көптеген жас отбасылар үшін өте жақсы қолдау екеніне қуаныштымын.
Назира ШПАНОВА,
жас отбасы.
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар