Табиғатты аялайық!

Әр көктем күні жадырап келген сайын, табиғат та түрленіп, даламыз көркейіп, ерекше бір сұлулық мекеніне айналады. Орман-тоғайларда тал-қайыңдар бүршік атып, бәйшешектер гүлдейтін осы күндер көктем айының қайталанбас ғажайып сәті. Жылдағы көктем жұмысына әр шаруашылық өзінің қажырлы еңбегімен жұмыла атсалысады. Көкмайса шөптің қалыпты өсіп жетілуі үшін алдымен былтырғы «өліқау» шөпті өрттеп айналаны тазартамыз…

Содан соң орман жиегін жыртып, өрт қауіпсіздігін сақтаймыз. Көктемде жас талдар егіп жаңартып, ертеңгі күні қалың орман болып жайқала өсуін қадағалаймыз.
«Орман – ел байлығы» – сондықтан оны күтіп-баптап, тосын келген апаттардан сақтау керектігін әр адам жадында сақтаған дұрыс.
Біздің «Бұқпа» орман шаруашылығының ұжымы да бір кісідей жұмылып, әр ісімізге мұқият қарап, адамдармен түсініктеме жұмыстарын жүргізіп отырамыз.
Биылғы «әлемдегі індеттің» таралуына байланысты мамыр мерекелерінде орманға серуендеуге келген адамдар саны сап тиылды. Біздер де қауіпсіздік шараларын қатаң ұстанып, орманшы қызметкерлердің денсаулығына баса назар аудардық. Ертеңгі күндеріміз нұрлы болсын, табиғатты аялайық!
Мейрамбек ҚАМАЛИЕВ,
«Бұқпа» ОШМ КММ «Қыпшақ» орманшылығының орман шебері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар