Сауатсыз ұлтшыл болма, сауатты ұлтшыл бол

–Қазақ халқының мәдениеті, дәстүрі бай деп жатамыз. Қазақтың келіндері үлкенге иіліп сәлем салады, ізет көрсетіп жатады. Бұл дәстүрімізге қалай қарайсыз?
– Келіндердің қайын атаға, қайын ағаға сәлем салуы бұл – енді керемет нәрсе. Бұл – әдептің басы. Тұнып тұрған иба. Бұл – мінез, аналық мейір, шапағат. Дастүрдің әкесі – осы. Қазіргі кейбір келіндер сәлем салмақ түгілі, соғып өтеді ғой. Бәрі сондай деуден аулақпын. Әйтсе де қолына стақан ұстап, «кел, аға, соғыстырып қоялық» дейтіндерді талай көрдім. Сондай да келін бола ма? Өзім бір нәрсеге таңғалатынмын.
–Ол не нәрсе?
–Бала кезімде бір кемпір болушы еді. Басында үлкен кимешек тәріздес бас киімі бар. Біздің үйге күнәрә келіп тұрады. Келгенде бір тізесін бүге тұрып менің әкеме сәлем береді. Үйден шыққанда айналып шықпайды, шегініп шығады. «Бұл кемпір кім?» – деп кейін сұраймын ғой. Менің әкемнің немере інісінің бәйбішесі екен. Сонда біздің үйге келін ғой. Көрдің бе, қандай тәрбие, қандай әдеп. Әйтпесе жасы да келіп қалған кемпір ғой. Сол уақытта мен көргенде жасы жетпістің шамасында болатын. Жалпы қазақтар бұрнағы кезде «армысыз» деп қолын өкірек тұсына қоятын.
–Байқап жүрмін, сіз де қол беріп амандаспайсыз…
–Мен жалпы қол беріп амандасқанды мүлде ұнатпаймын. Бұл қол беру қайдан келді өзі? Біле білсең, бұл – үлкен апаттың алды. Қол алу арқылы ауру таралады.
–Апырай, ә?
–Бірде қонаққа шақырып, үлкен бір дастарқанның ортасында отырдым. Барлығы өз орындарына жайғасқан. Әлі бастамай, келетін имамды күтіп отыр екен. Біраздан соң ол кісі де келді. Имам ішке кіргенде бәрі өре түрегеліп, оның қолын алып жатыр. Екі жаққа жайғасқан жұртпен тегіс қол алысып шықты. Төрде отырған маған келгенде, мен «қолымды жуып келіп едім» деп айттым. «Жоқ, менің де қолым таза, жаңа ғана мешіттен шықтым»,–деп ақталып жатыр ол. Мен бетіне тура қарап тұрып, «Мешітте қанша кісімен амандастың, оны білмеймін, ал мына жерде екі жүз адамға қол бердің, қайсысының қолы таза екеніне кепілдік бере аласың?» – деп едім үндемей барып, төрге жайғасты. Осындай тұтас ұлтқа тікелей зияны бар дәстүрлерді мүлде жюдан қорықпау керек. 1954 жылы Кореяға іс-сапармен бардық. Төрт-бес айдай болдық онда. Бір күні жергілікті корейлік: «Біз олардың бетінен сүйіп амандасамыз, мына қытайлар бізді неге сүймейді?» деп. Қытайлар ешқашан кісі бетінен сүймейді ғой. Оларда сондай қатал тәртіп бар. Жалпы, беттен сүю – өте қауіпті нәрсе. Елдің терлеп тұрған бетінде не бар екенін сен қайдан білесің? Бетіне қонған көшенің шаң-тозаңын сен жалап аласың. Ол аузыңа кіреді. Аурудың бәрін осылай жан-жағыңа таратып жүресің. Бұдан кейін кім көрінгеннің бетінен сүюді мүлде тыю керек. Әсіресе, көпшілікте жағалай сүйіп шығу деген не сұмдық?! Қытайлардың өсіп-өніп жатуының осындай сырт көзге елеусіздеу көрінетін себеп-салдарлары көп (Дәл осылай жазып қой деп бұйырды маған. Әйтсе де бұл сөзінің жаны бар. Үйіне бас сұққан адамдармен қол беріп амандасқан емес. Ақсақал қол бергендеріне осы сөзін қайталаудан танбайды. Бірде сұхбаттасудың кезекті бір сәтінде, үйіне жақын-жуықтары мен ағайындарының балалары келіп қалды. Ішінде біреуі сегіз жасар бала екен. Ал, қалғандарының жас шамасы жиырма-жиырма бес мөлшерінде. Немересіндей болған баланы құшағына қысып, босата қойды. Бетінен сүйген жоқ. Бұны ақсақалдың баланы жек көргендігі емес, өзінің бұрыннан қалыптастырған тазалық сақтау үлгісі деп ұғындым).

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар