Көктемгі егіс – 2020

Әрбір ашық күнді тиімді пайдаланамыз

Аудан диқандары бүгінгі таңда 314,3 мың гектар алқаптың 240,1 мың гектарына немесе 76,4 пайызына дәнді және бұршақты дақылдар, 1,2 мың гектар жерге майлы дақылдар сеуіп үлгерді.

Бүгінгі күні көпжылдық және біржылдық екпе шөп толық егілді. Сондай-ақ, картоп пен көкөніс те толығымен отырғызылды. Аудан әкімдігі көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай өткізуді өз бақылауына алған. Енді диқандардың басты міндеті әрбір ашық күндерді тиімді пайдаланып, дәнді және бұршақты дақылдарды уақытында сіңіру болып табылады. Биылғы көктемде 36 мың тонна сапалы тұқым дайындалып, толық тексеруден өткізілді. Қажетті жанар-жағар май тасымалданып алынды. Сондай-ақ, өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 2 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыштар сатып алды. Биыл 136,2 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілді. Қазір егіс науқанында 662 трактор, 89 егіс кешені пайдаланылуда. Диқандар көктемгі дала жұмысын маусым айының басында аяқтауды межелеп отыр. Осы бағытта диқандар үшін барлық жағдай жасалған. Қыс айларында жауған қалың қар қажетті ылғал қорын жинады. Бұл биылғы жылы да мол өнім алуға өз септігін тигізбекші.
Қабыкен АҒЫБАЙҰЛЫ.
Егіндікөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар