Емтиханды сәтті тапсырды

Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық колледжінде «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша оқитын студенттер көрсеткіш емтиханды сәтті тапсырып, жарқын болашаққа жолдама алды.

2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында үш күн ішінде HAAS оқу-өндірістік орталығының базасында қорытынды аттестаттау шеңберінде WorldSkills стандарттарына сәйкес, «Сандық бағдарламалық басқарылатын (СББ) станоктардағы токарь жұмыстары» құзыреті бойынша көрсеткіш емтиханын пилоттық сынақтан өткізу жүргізілді.
Биылғы оқу жылында WorldSkills стандарттары бойынша өткізілген емтиханға «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша колледждің 18 түлегі қатысты. Ол құзыреттіліктің техникалық сипаттамасының талаптарын ескере отырып, колледждің арнайы пәндерінің төрт оқытушысы әзірлеген конкурстық тапсырмалар бойынша өткізілді.
Студенттер емтихан кезінде тапсырмаға сәйкес төрт модульді орындады. Олардың тапсырманы белгіленген уақытта орындау сапасы мен дұрыстығын емтихан комиссиясы және «Тыныс» акционерлік қоғамының өкілдері – осы кәсіпорынның бас технологы Александр Шаврин, технолог Владимир Шевченко және аға инженер-конструктор Тәуба Әбдірахманов, сондай-ақ, тәуелсіз сарапшы, колледждің арнайы пәндер оқытушысы Александр Кранин бағалады.
Бірінші күні емтихан тапсырушы балалар еңбекті ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан өтіп, өздерінің жұмыс орындарымен танысты.
Барлық төрт модульді орындау, сызбаны оқу, орындалатын бөлшектің негізгі беттерін анықтау, сондай-ақ, бөлшектің үш өлшемді бейнесін көрсету біліктерін паш етуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, балалар инженерлік сызбаларды түсіндіру және өлшеу немесе дәлдік құралдарын таңдау бойынша ерекшеліктерді, бөлшектерді өлшеу үшін таңдалған құралдарды қолдану біліктерін көрсете алды.
Емтихан барысында студенттер бөлшектерді өңдеуге арналған технологиялық деректердің үздік әдістерін таңдау, бағдарламалық қамтамасыз етуді және аппараттық жабдықты пайдалану, ұсынылған сызбалар мен бағдарламаны пайдалана отырып, бағдарламаны жасау, басқару бағдарламасы бойынша өз біліктерін көрсетті. Сондай-ақ, олар тапсырманы орындау үшін қажетті құралдарды, жарақтарды және арнайы бұйымдарды қалай таңдауға болатынын, токарьлық станокты баптау және басқару дағдыларын, оны бағдарламалаудың әртүрлі әдістерін, операциялардың бірізділігіне, материал типтеріне және операцияға байланысты өңдеу параметрлерін қолдану тәсілдерін көрсетті.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар