Сыбайлас жемқорлықты ауыздықтаудың тиімді тәсілі

Сыбайлас жемқорлық әлемнің барлық елдеріне жағымсыз құбылыс ретінде таныс. Шынайы экономикалық өркендеуге сыбайлас жемқорлықты барынша азайтқан мемлекеттер ғана жетеді.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік функцияларды жеке мүдделерге пайдалану арқылы мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының төмендеуі, көлеңкелі экономиканың өсуі үшін алғышарттар жасау, криминалдық құрылымдардың, халықаралық терроризм мен экстремизм позицияларын нығайту сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары осылар.
Сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күреспесе болмайды. Көптеген мемлекеттерді жайлаған бұл жағымсыз құбылыспен тиімді күресте оның мәнін, пайда болу салдарын анықтап алу қажет. Халық түсінігінде жемқорлық, ең алдымен мемлекеттік қызметпен байланысты. Оған себеп те жоқ емес. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық қызметтерін асыра пайдаланып, жемқорлық әрекеттерге жол беріп жататыны шындық.
Сол сияқты, әлеуметтік құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлық салық қатынастары саласында да бар. Ол бірінші кезекте мемлекеттік кіріс органдарының беделіне теріс әсер етіп, салық төлеушілердің сенімін төмендетеді, сондай-ақ, экономикалық және ұлттық қауіпсіздікке зиян келтіреді. Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында бірқатар кешенді шаралар қабылданды.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың және сыбайлас жемқорлықтың туындау қаупін төмендетудің негізгі құралы – мемлекеттік қызметтерді стандарттау мен регламенттеуге көшіру. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын енгізу ресми емес қызмет алудың пайда болуын азайтады.
Аталған іс-шаралар сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелін төмендетуге, мемлекеттік кірістер органдары жұмысын ашық етуге мүмкіндік береді.

Ақмола облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар