Министрлік жедел желіні іске қосты

Қазақстанның ұлттық парктеріндегі заң бұзушылықтар туралы жедел желі іске қосылды. Енді кез-келген азамат ұлттық парктегі теріс әрекеттер, оның ішінде ағашты заңсыз кесу, заңсыз балық, аң аулау, эко-бекеттерде түбіртек беруден бас тарту, парк қызметкерінің жұмысындағы олқылық және басқа да заңбұзушылықтар туралы фото және бейне қосымша арқылы тікелей хабарлай алады. 

«Қазірдің өзінде бізге ұлттық парк жұмысына шағымданып, ескерту айтып жатқандар бар. Әрбір қоңырау бойынша тексеріс жүргізіліп, кемшілік түзетіледі. Мәселен, бір хабарлама бойынша жедел шара қабылданып, заң бұзушылық жойылды.  Ұлттық парктердегі жағдайды бірге өзгертейік. Тек біріккенде ғана озық нәтижелерге қол жеткізе аламыз», – деді Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті орнатқан жедел желі телефонының нөмірі: +7777 6785252.
Жедел желі ватсабына жолданған хабарламада шағым айтушының аты-жөні, сондай-ақ, заң бұзушылық көрінісінің суреті немесе бейнетүсірілімі, ұлттық парктің атауы және орналасқан жері шамамен көрсетіледі.
Осылайша елдің әрбір тұрғыны еліміздің табиғатын қорғауға және оны сақтауға қатысып, тұрғындар арасында жоғары деңгейдегі туристік мәдениетті қалыптастыруға ықпал ете алады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі» мәселесін көтерген болатын. Өткен демалыстан бастап, Экология министрлігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қызметкерлерімен, қоғам белсенділерімен бірлесіп, адамдар дем алатын табиғи және ерекше қорғалатын аумақтарда рейдтер өткізіле бастады. Заң бұзушылық орын алған жағдайда түсіндіру жұмысы жүргізіліп, айыппұл салынады. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс жалғасуда.
Бұдан бұрын Экология министрі ұлттық парктерде «Кәуәп туризмі» болмайтынын атап өткен. Министрлік жұртшылықты ұлттық парктерге экотуризмді дамыту, оның ішінде аяқжолдар мен қажетті инфрақұрылым салу арқылы тартпақшы.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар